Фото: currenttime.tv
Украина президенті Владимир Зеленский кезекті видеоүндеу жасап, толық қирауға ұшыраған Соледарда тірі жан қалмағынын айтты. Бұл туралы «Новая газета. Европа» жазды.
Мемлекет басшысы Ресей әскерлерінің Донецк облысындағы Соледар қаласы түбінде жасаған әрекеттерін «барып тұрған ессіздік» деп атады.
Ресей нені ұтқысы келді? Бәрі толық қиралған, онда тіпті тіршіліктің өзі де қалмаған. Мұнда мыңдаған адам опат болған. Соледардың түбіндегі жердің бәрінде оккупанттардың мәйіттері жатыр. Бұл ессіздіктің кескіні,
деді Зеленский.
Украина басшысы өз сөзінде Ресей әскерлерінің «қайталанып жатқан толассыз шабуылдарына» төтеп беріп тұрған сарбаздарға алғыс айтты.
Бұл өте ауыр: онда сау ғимарат қалмаған, бәрі қираған. Біз өз жауынгерлеріміздің Соледардағы табандылығы арқасында Украина үшін керекті қосымша күш пен қосымша уақыт таптық,
деді ол.
Американың Соғысты зерттеу институты (ISW) өзінің күнделікті мәліметінде атап көрсеткендей, «Вагнер» жеке әскери компаниясының құрылтайшысы Евгений Пригожин өз ұйымының репутациясын күшейте түсу үшін Соледар мен Бахмуттағы жағдайларға қатысты жалған ақпарат таратуды қоятын емес. Бірақ оның сапындағы сотталғандарға кешірім берілгені жайлы деректер компанияға кіргісі келетіндер қатарын көбейтіп жатқан көрінеді.
Қазір Соледарда да, Бахмутта да қиян-кескі шайқас жүріп жатыр. Ресей армиясы екі қаланың да шетіне кірді. Бірақ олардың оққа ұшып жатқандарында есеп жоқ. Оккупанттардың қимылы әйгілі Георгий Жуковтың ІІ Дүниежүзілік соғыс кезіндегі сарбаздарды қатты қырғынға ұшырата отырып, кезекті позицияны басып алуға негізделген тактикасын ұстанып отырғаны айқын аңғарылады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…