Трамп түрме торына шырмала қалса да, қолына кісен салынбайды

Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың алдағы күндері қамауға алынуы мүмкін екенін жаза бастады.

Трамптың жеке адвокаты Трамптың түрмедегі «тағдырына» қатысты алдын-ала мәміле жасалды. Бұрынғы президенттің адвокаттар тобы мен Манхэттеннің прокуратурасы арасында келісімде Трамптың «келешегі» қарастырылды, деп хабарлайды News Sky.

Мұның алдында Нью-Йорктік қазылар алқасы Трампқа қатысы бар 30-дан астам айыптау ісінің тізімін ұсынған еді. Тізім қатарында Трамппен бірге бизнес саласында алаяқтық жасады деген күдікке ілінген порноактриса Сторми Дэниэлс те бар. Трапм қылмыс қадамдарының сәтті жүруі үшін актрисаға ауызбастырық төлеуі мүмкін дейді қазылар.

Өзіне тағылған қылмыстық айыптауларға қарсы пікір білдіру үшін Трамп сот отырысында сөз алмақ. Сот отырысы 4 cәуір күніне жоспарланған.

Бұған дейін Трамптың адвокаты Такопин сот айыптауларына қатысты пікір білдірген еді. Ол Трамптың ешқандай қылмыс жасамағанын және өз кінәсін мойындау ықтималдығы «нөлге» тең екенін жеткізді.

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп өзіне тағылған айыптаулардың астарында саяси мүдде жатқанын мәлімдеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago