Атақ және ақша

Әттең «резонансный» боп тұр. Әйтпесе ақтай салар еді

Көсемі Керімбай, билігі Бишімбаев, депутаты Бәпи болса…

Өткенде бір «демократ» тәтем мені қарғап тұрып айтқан еді осыны. Яғни, Қуандық емес, оны жындар осы әрекетке итермеледі деп.

Санжар Керімбай қисса жаттамағаны үшін деді…

Бұл қылмысты ақтаудың қай патологияға жататынын айтудың өзі қиын.

Сосын Санжар ата-анасын емес, анасын ғана кінәлады осыған. Сондай адамдарды тыңдау, дәріптеу өте аянышты жағдай.

Өткенде «Дәстүр» деген фильм шықты. Дәл сондай надандықты дәріптейтін фильмдердің үлкен касса жинап, халықтан оң баға алуы өте аянышты жағдай.

Енді халықты соған сендіру ғана қалды. Себебі Бишімбаевты оларға басқаша ақтау мүмкін болмай отыр. Сау қоғам үшін бұл қорлау сигналдары болып есептеледі. Біздегі сана әлі мистикаға сенгендіктен, «мүмкін, рас шығар» деуден кетәрі болмай отыр өкінішке қарай.

Өздерін сауатты санайтын журналистер легі қосылыпты. Олар Салтанаттың ағасының сұхбатына сүйеніп алған. Әрбір сөзінен ілік іздеп терлеп-тепшіп жазып жатыр, жазып жатыр…

Сол Салтанат Нүкенованың ағасы видеосын салды дейді. Соны неге тілге тиек етпейді?! Журналист фактке сүйену керек емес пе? Онда бәрі айқын болып қалады, алған ақшасын ақтау қиынға соғады. Тіпті мүмкін болмай қалады.

Рухани аудитория көсемі Санжар Керімбай болса, билікте Бишімбаевтар отса, депутаты Ермұрат Бәпи болса — Қазақстанда Салтанаттардың өлімі ақталатын болады, әрі норма болып есептелуі заңдылық.

Себебі жүйе мен түсінік сондай. Заң үстемдік еткен елде Қуандық ендігі түрмеде болатын еді.

Құлқынды ақша тескендіктен сотын созып жатыр.

Блогерлерді жалдап ақтап алғанша уақыт беріп отыр!

Біздің жүйе кез-келген қылмысты ақтап береді, тек төлейтін ақшаң болса болды. Әттең, соттың сорына іс «резонансный дело» болып тұр.

Әйтпесе ым-жымсыз баяғыда ақтай салар еді…

Серік Хасенов

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago