Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Туризмі дамыған әлемнің үздік 50 елінің қатарына кіруді көздейміз — министр
Саясат

Туризмі дамыған әлемнің үздік 50 елінің қатарына кіруді көздейміз — министр

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 16.02.2023
Обновлено 16.02.2023 в 02:02
Поделиться
Cурет: Mybusiness.kz
Поделиться

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте дене тәрбиесі және спортты, сондай-ақ туризм саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамаларының жобалары қаралды.

Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты хабарлайды.

ҚР мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Тұжырымдамада азаматтарды, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға баулу, жоғары кәсіби спорттық резервті қалыптастыру және жоғары жетістіктер спортын дамыту жөніндегі шаралар қарастырылғанын баяндады.

Атап айтқанда, қалаларда қолжетімді жерлерден жаңа спорттық инфрақұрылымдық нысандарды (жүгіру және велосипед жолдары, спорттық алаңдар), өңірлерде бұқаралық спорт орталықтары мен ауылдық жерлерде модульдік спорт ғимараттарын салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ қатысуға ниет білдірушілерді кеңінен тартып және өткізілу кестесін медиа кеңістікте хабарлай отырып, спорттық-бұқаралық шаралар мен спартакиадалар өткізуге де назар аударылатын болады.

Қазір көптеген қалаларда үйлердің аулаларында балалар мен ересектер дене тәрбиесімен шұғылдана алатын спорт алаңдары пайда болып жатыр. Бұл – ел ішінде кеңінен таралып жатқан жақсы тәжірибе. Біз базалық спортты бәріне бірдей қолжетімді ету үшін осындай ғимараттар тұрғызуды жалғастыра беруіміз керек,

деді Әлихан Смайылов.

Кеңесте атлетшілерді дайындаудың заманауи әдістерін енгізу және спорттық медицинаның сапасын жақсарту жоспарланып отырғаны да атап көрсетілді. Бұл жұмыс алдағы жылдары Париж-2024 және Милан-2026 Олимпиада ойындарына дайындық бағдарламалары аясында жүргізілетін болады.

Туризм саласын дамытуға қатысты республиканың негізгі 10 турдестанициясында инфрақұрылымдарды жаңғырту, сервис сапасын арттыру, халықаралық аренада еліміздің туристік әлеуетін ілгерлету және т. б. шараларды іске асыру көзделіп отыр,

Атап айтқанда, Балқаш, Қапшағай, Алакөл және Баянауыл курорттық аймақтарына апаратын автожолдарды салу және қайта құрылымдау, демалыс аймақтарын мобильдік байланыспен 100% қамту, Шучье-Бурабай курорттық аймағында қажетті инженерлік желілер жүргізу, су қоймаларында қосымша суда құтқару станцияларын салу және т. б. іс-шаралар қарастырылып отыр.

Сонымен қатар жаңа әуе бағыттарын ашу, туристік қызметтерді цифрландыру, қонақ үй бизнесінде және саланың басқа секторларында стандарттарды арттыру жөнінде жұмыс жүргізіледі.

2030 жылға дейін барлық шараларды іске асырудың нәтижесінде ішкі туристердің санын 11 млн адамға дейін, шетелдік туристерді – 4 млн адамға дейін, салада жұмыспен қамтуды – 800 мың адамға дейін арттыру, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингісіне сәйкес туризмді дамыту бойынша Қазақстанды әлемнің үздік 50 елінің қатарына қосу көзделіп отыр.

Анара Бауыржанқызы 16.02.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Саясат

Қазақстан Киев шақырған саммитке қатысу мәселесін әлі қарастырып жатыр

05.06.2024
МаңыздыСаясат

Утильсбор деген қазақтың соры…

31.05.2024
Әлеуметтік желіге шолуСаясатСпорт

Турлов деген бәле болды…

30.05.2024
Саясат

Мирзияевке тіл тигізбе, сотталасың!

30.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?