29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні жолға шығатын жолаушыларға әуе компаниялар мен «Қазақстан темір жолы» АҚ таратқан ақпаратқа баса назар аударып, әуежайлар мен вокзалдарға рейс жөнелтілетін уақыттан әлдеқайда ертерек келу ұсынылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, Абай, Жетісу, Ұлытау, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында 1 сағатқа кері ауыстырылады.
Осыған байланысты Көлік министрлігі авиациялық және теміржол әкімшіліктерімен, тасымалдаушылармен, әуежайлармен және вокзалдармен бірлесіп барлық қажетті дайындық жұмыстарын жүргізген болатын.
1 наурыздан бастап барлық жолаушылар пойызы бір уақыт белдеуімен жөнелтіледі.
Сағат тілін бір сағатқа артқа ауыстыру кезінде пойыздардың жүру кестесіне айтарлықтай өзгерістер енгізілмейді, сәйкесінше теміржолда бір уақыт белдеуіне көшу штаттық режимде жүзеге асырылмақ.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…