Categories: Саясат

Қуаныш Асылов Шымкент әкімінің бірінші орынбасары болды

Қуаныш Асылов Шымкент әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Қуаныш Жұмабекұлы Асылов Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды,

делінген хабарламада.

Шымкент әкімдігінің мәліметінше, тағайындалғанға дейін ол ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

Қуаныш Асылов 1973 жылы 14 наурызда Алматыда дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті құқықтану ғылымдарының магистрі, Вашингтон Дюк университеті Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебі саясаттану ғылымдарының магистрі.

1995-2002 жылдары — бизнес саласындағы басшылық лауазымдар;

2002-2006 жылдары — мемлекеттік органдарда қызмет атқарған;

2006-2010 жылдары — ҚР президентінің іс басқармасында ресми іс-шаралары және сыртқы байланыстар секторының меңгерушісі;

2011-2013 жылдары — ҚР есеп комитетінің қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығының директоры;

2013-2014 жылдары — ҚР білім және ғылым министрлігінің жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы;

2014-2017 жылдары — ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық-саяси жұмыстар және тілдер саясаты комитетінің төрағасы;

2017-2018 жылдары — ҚР президенті әкімшілігі қоғамдық-саясат секторының меңгерушісі;

2018-2019 жылдары — ҚР президенті әкімшілігі аналитика орталығы меңгерушісінің бірінші орынбасары;

2019-2023 жылдары — ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының бірінші вице- президенті, ҚР президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлектері қауымдастығының президенті. «Құрмет» орденінің кавалері, «Ерен еңбегі үшін», ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің «ҚР ҰҚК 25 жыл» мемлекеттік медальдарімен марапатталған.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago