«Уэнсдэй» сериалында Ксавье Торпты сомдаған 21 жастағы Перси Хайнс Уайт «зорлық жасады» деп айыпталды. Бұл туралы Pedestrian.tv хабарлады.
Бірнеше қыз полицияға сексуалды зорлық туралы шағым түсірген. Олардың айтуынша, Перси Хайнс Торонтода мектепте оқып жүргенде-ақ оқушы қыздарға интим байланысқа шақырған.
Перси Хайнс Уайтты жаңа сериалдан көргенде қатты таң қалдым. Ол маған сауықкештердің бірінде шабуыл жасаған. Мен жалғыз емеспін,
деп жазды жәбірленушілердің бірі әлеуметтік желіде.
Тағы бір жәбірленуші актердің оны зорлау үшін коктейльге бірдеңе қосып бергенін айтты. Актердің жанкүйерлері бұл жаңалықты қызу талқылады.
Дегенмен Перси Хайнс Уайт бұл ақпаратқа қатысты ешқандай түсініктеме бермеді. Тіпті әлеуметтік желідегі парақшасындағы пікірге арналған бөлімді жауып қойған,