Фото: president.gov.ua
Ұлыбритания премьер-министрі Джонсонның кетуімен Украина ең жақсы досынан айрылады деп сенеді бірқатар Еуропа басылымы.
Politico басылымының жазуынша, саясаткердің отставкаға кетуі Киевтегі одақтастарының алаңдаушылығын тудырып отыр. Украина енді Лондонның қолдауына ие бола ала ма — бұл жағы белгісіз.
Джонсонның саяси одақтастарының бірінің айтуынша, премьер-министрдің қызметтен кетуі Украинаға қауіп төндіріп отыр. Ал «көне Еуропада көптеген адам бұл жайтқа қуанышты», — деді ол.
Басылым, сонымен қатар, Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның Джонсонды ешкім алмастыра алмайды деген мәлімдемесін келтірді. Сыртқы істер министрі Украина президенті Владимир Зеленский мен Ұлыбритания премьер-министрі арасындағы ерекше достықты атап өтіп, басқа көшбасшымен мұндай қарым-қатынас орната алуы екіталай деген пікірді айтты.
26 шілдеде отставкаға кеткен Джонсон бейне форматтағы кездесу кезінде Зеленскийге Уинстон Черчилль атындағы көшбасшылық үшін марапатын берді. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Физикалық тұрғыда алыс болсақ та, сізге бұл марапатты тапсыруға қуаныштымын, Владимир
деді Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон.
Рәсімге Украинаның Ұлыбританиядағы елшісі Вадим Пристайко да қатысты. Черчилль атындағы көшбасшылық үшін берілетін марапат алғаш рет 2006 жылы америкалық кәсіпкер Билл Гейтске тағайындалған еді.
Бұған дейін Украинада Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министріне азаматтық беру және оны премьер-министр лауазымына тағайындау ұсынылған болатын. Тиісті петиция Украина президенті Владимир Зеленскийдің сайтына енгізілді.
Петиция мәтінінде мұндай шешімнің жағымды жақтары, оның ішінде британдық саясаткердің қолдауы, сондай-ақ оның арнайы әскери операцияға қатысты ұстанымы көрсетілген. Бұдан өзге, оның саяси, қаржы және заң салаларындағы білімі атап өтіледі.
Петиция президенттің назарына ілігуі үшін 25 мың дауыс қажет, ал қазіргі уақытта ол 70-тен сәл ғана көп дауыс жинады.
Бұған дейін Украинаның Закарпат облысының Хуст қалалық кеңесі Джонсонның құрметіне Лев Толстой көшесін қайта атау туралы шешім қабылдады. Қалалық кеңестің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде көшелердің атын өзгерту мәселесі ең өткір мәселелердің бірі болғанын атап өтті.
Закарпатиядағы Хуст қаласында Лев Толстой көшесі Борис Джонсон көшесі деп қайта аталды. Гагарин көшесі Каденюк көшесі, Кутузов көшесі — Северин Наливайко көшесі, Александр Невский көшесі — Василий Стус көшесі болып өзгертілді
делінген Закарпатиядағы Хуст қалалық кеңесінің мәлімдемесінде.
Хуст қалалық кеңесінің баспасөз қызметі бұл шешім отырыс кезінде қабылданғанын, оның күн тәртібінде 70-тен астам мәселе тұрғанын айтты. Бұл ретте көшелерді қайта атау мәселесі «соңғы кезде халық арасында және сессия отырысы кезінде ең көп талқыланатын мәселелердің бірі» болған.
Бұған дейін Джонсон НАТО-ның жаңа Бас хатшысы болуы мүмкін деп хабарланған болатын. Саясаткердің бұл лауазымға бару жоспары The Telegraph газетіне белгілі болды.
Басылымның дереккөздері Консервативті партияның британдық шенеуніктерінің бір бөлігі Джонсонның Солтүстік Атлантикалық альянстың бас хатшысы лауазымына кандидатурасын қолдағанын айтты. Атап айтқанда, саясаткердің кандидатурасын қорғаныс комитетінің мүшелері Ричард Дракс пен Марк Франсуа, сондай-ақ Ұлыбританияның Еуропалық одақтан (ЕО) шығу бойынша бұрынғы министрі Дэвид Джонс мақұлдады.
The Telegraph басылымының жазуынша, Вашингтонда Джонсонды бұл лауазымға оның Ресейге қарсы ұстанымына байланысты, сондай-ақ АҚШ-тың ЕО өкілдеріне деген сенімсіздігіне байланысты қарастырып жатыр. Сонымен бірге, бұрынғы премьер-министрді Бас хатшыға тағайындау үшін блок мүшелерінің бірауыздан шешімі қажет екендігі атап өтілді. Алайда, олар Джонсонды қолдауы екіталай екені белгілі. Мысалы, басылым Франция президенті Эммануэль Макрон оның кандидатурасын қолдамайды деп болжады.
7 шілдеде Джонсон Ұлыбританияның премьер-министрі қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Ол мұндай шешімге саяси дағдарыс пен Ұлыбритания үкіметі мүшелерінің отставкаға кете бастағанына байланысты келді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…