Categories: Саясат

Украина ТМД елдері басшыларының Мәскеуге барғанын айыптады

Украина сыртқы істер министрлігі ТМД елдері лидерлерінің Мәскеудегі парадқа баруын «аман қалу және тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан украин халқына қарсы достық емес қадам» деп атады.  

Мәлімдемеде Украинаға қарсы агрессивті соғысқа қатысып жатқан ресейлік әскери техника көрсетілгені айтылған.

Онда сонымен бірге Ресей президенті Владимир Путиннің «украиндерді өлтіріп жатқанын, қалалары мен ауылдарын талқандап жатқанын, балаларын ұрлап және оккупацияланған украин аймақтарының тұрғындарына қарсы репрессияларды ақтағанын» атап өткен.

«Іс-шараның алдында Ресей Украинаны одан сайын қирату үшін 25 қанатты зымыранын ұшырды», — делінген мәлімдемеде.

9 мамырда Мәскеудің Қызыл алаңында Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанының 78 жылдығына арналған әскери парад өтті. Бұл жолғы парадқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан президенттері мен Армения премьер министрі қатысты. Сонымен бірге Беларусьтан Александр Лукашенко барды.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

19 минут ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

43 минуты ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

52 минуты ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

60 минут ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

24 часа ago