Украинада 8900-ге жуық бейбіт тұрғын соғыс құрбаны болды – БҰҰ

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының кеңсесі 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап 2023 жылдың 21 мамырына дейін Украинадағы соғыстан 8900 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын растады.

БҰҰ  қаза тапқан немесе жараланған бейбіт тұрғындардың нақты саны әлдеқайда көп деп санайды, өйткені соғыс қимылдары болған жерлерден алынған көптеген хабарлама әлі де қосымша растауды қажет етеді. Ал шайқас жүріп жатқан кейбір аумақта алынған ақпарат кешігіп жетеді.

Мұндай жайттар әсересе, Мариуполь (Донецк облысы), Лисичанск, Попасная және Северодонецк (Луганск облысы) қалаларына қатысты, бұл аймақтарда көптеген бейбіт тұрғынның қаза болғаны немесе жараланғаны туралы хабарланған.

БҰҰ-ның растаған мәліметтері бойынша 4040 ер, 2403 әйел адам, 275 ұл және 218 қыз бала қайтыс болды. 30 баланың және 1929 ересек адамның жынысы әлі анықталған жоқ.

Жарақат алған 15 117 адамның ішінде 445 ұл және 314 қыз, сондай-ақ жынысы әлі анықталмаған 276 бала бар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

18 часов ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

2 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

5 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

5 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

5 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

5 дней ago