Шетел басылымына шолу

Украинада «Ресей», «Мәскеу» сөздерін кіші әріппен жазуға ресми түрде рұқсат берілді

Бұдан былай бейресми мәтіндерде «Ресей», «Мәскеу» және сол сияқты сөздерді кіші әріппен жазу Украинада қате болып саналмайды. Украин тілінің стандарттары жөніндегі ұлттық комиссиясы «Ресей» сөзін және Ресей Федерациясымен байланысты басқа да ұғымдарды кіші әріппен жазуға рұқсат берді.

Комиссия отырысында украин халқының тәуелсіздігі жолындағы ерлік күресін ескере отырып, басқыншы елдің атын кіші әріппен жазу мәселесі қаралған. 

Толыққанды соғыс басталғаннан кейін көптеген украиналық бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушылары «Ресей» сөзінде бас әріппен жазудан бас тартты. Енді бұл тәжірибе украин тілінің нормаларына сәйкес деп танылды, бірақ тек бейресми мәтіндерде.

Ведомство «Ресей Федерациясы», «Ресей», «Мәскеу», «Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасы» және т.б. сөздерді кіші әріппен жазуға ресми түрде рұқсат етілгенін атап өтті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago