«Ақ жол» демократиялық партиясының пленумы Азамат Әбілдаевты партиядан шығарды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
18 қаңтарда Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Ресей президенті Путинді қолдайтынын айтқан. Оған қоса ол Украинадағы соғысты «арнайы операция», ал украиналықтарды «нацистер» деп атады.
Оның осы пікірі партиядан шығарылуына себеп болған.
Партия төрағасы Азат Перуашевтың төрағалығымен өткен жиында Мәжіліс депутаты А.Әбілдаевтың журналистке берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілді. Ұлттық кеңес мүшелері А.Әбілдаевтың сөздері “Ақ жол” партиясының позициясына қарама-қайшы және сонымен қатар партиялық және де депутаттық этиканы да бұзып тұрғанына баса назар аударды.
делінген партия баспасөз қызметінің хабарламасында.
«Ақ жол» партиясы ҚР ОСК-на Әбілдаевтың депутаттық мандатын тоқтату туралы сауал жолдады.