Ресей әншілері Николай Басков пен Григорий Лепс украин танктерін жойғаны үшін әрқайсысы бір миллион рубльден төлеуге дайын екендіктерін білдірген. Сөйткен Лепс Қонаевте концерт өткізуді жоспарлап отыр.
Мұндай бастаманы «Земляне» тобының жетекшісі Владимир Киселев көтерген. Басков пен Лепс бұл идеяны қолдаған.
Сөйткен Григорий Лепс шілдеде Қонаев қаласында концертін өткізуді жоспарлап отыр.
Билеттің ең арзаны 50 мың теңге, ал ең қымбаты бір миллион теңге болады.
Соғысты қолдайтын путиншіл пропогандистерді Қазақстанға шақырғандарды жауапқа тарту керек, деді Досым Сәтпаев.
Ол үшін ниет пен саяси жігер болуы керек.
«Зигтеп» жүретін, Путиннің Украинаға қарсы соғысын қолдайтын «жұлдыздардың» бәрін, Лепстер мен басқаларды Қазақстанға шақырғандарды Қылмыстық кодекстің бір бабына сүйреп әкелуге болады.
Себебі олай келетіндердің бәрі соғысты насихаттаушылар. Олар 2022 жылдың 24 ақпанынан кейін әншілерден пропогандистерге айналып шыға келді. Дәл сол аузымен олар күні ертең Қазақстанның да егемендігі мен аумақтық тұтастығына шүбә келтіруі мүмкін.
