Украинадағы соғысқа қарсы шыққан экобелсенді Аршак Макичян Ресей азаматтығынан айырылды. Бұл туралы ол өзінің Facebook желісінде хабарлады.
Сот Макичяннің отбасы мүшелеріне төлқұжат заңсыз берілгенін айтып, әкесі және екі ағасын да азаматтығынан айырды.
Экобелсендінің айтуынша, оның отбасы КСРО ыдырағаннан кейін Армениядан Ресейге көшіп, ел азаматтығын алған. Оларда басқа елдің азаматтығы жоқ.
Макичян сот шешіміне оның саяси позициясы әсер еткенін айтады. Қазіргі уақытта белсенді Ресейде емес, десе де болашақта елге оралуды жоспарлаған.
Оның адвокаттары, сот шешіміне шағым түсірмек.