200 мың теңге ғана төлеп, шетелден әкелген машиналарды тіркеуге қою – нағыз барып тұрған әділетсіздік. Бұл – адамдарды алалау, дейді журналист Әмірболат Құсайынұлы.
Оның пікірінше, Армениясы, грузині, ресейі, қырғызы бар қаптаған шетелдік көліктердің көшедегі әрекеттері онсыз да шектен шығып болды. Жол ережесін көзіңді бақырайтып қойып бұзу – олар үшін қалыпты жағдай. Енді олардың машинасын әйтіп-бүйтіп тіркеуге алу, жергілікті номер беру – заңды сыйлайтын, осы елге салық төлеп, қымбат болса да көлікті алып жүрген, алған адамдардың жүйкесіне кәдімгідей соққы беру.
Құқығын таптау, әрі олардың мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіру. Кейін заңсыздыққа баруына түрткі болу.
Мысалы, мен он бәлен млн теңгеге қымбат болса да, ұсталған көлік алдым. Үш жылдық несиесі бар, ай сайын арқаңнан түспей, қылқылдап тұратын. Егер мен үкіметтің солқылдақ, қатты талап қоя алмайтын, түрлі жолдармен қаптаған шетелдік машиналарға көз жұмып, қалғып-шұлғып отыра беретінін білгенде, әлгі ақшама көрші елдердің бірінен екі машина әкелер едім және бәлен жылға кредитке кірмес едім. Үстеме процент төлемес едім. Ары ойланып, бері толғанып,
қой, заңсыздыққа бармайын, күмәнді іспен айналыспайын, ары кетсе екі-үш млн теңге ұтылармын бірнеше жылда, заңды машинаны алайын, деген фәлсапамен қудым.
Қудым да, екінші рет кретитке машина алдым.
Досым да жуырда он бәлен млнға көлік алды мінілген. Заңды сыйлағандықтан талай адам қымбат болса да банк пен автосалондардың табалдырығын тоздырып жүр.
Енді міне, Үкіметтің істеп отырғаны, миды ашытып. Көталақ, жеңілтек болсаң, жетістікке жетпейсің деген рас…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…