Жастар арасындағы өлімді көбейтіп жатқан ауру белгілі болды

Қытай дәрігерлері жастардың қант диабетіне жиі шалдығып, соның салдарынан көп қайтыс болып жатқанын анықтады.

Қытайдағы Харбин медициналық университетінің ғалымдары өз зерттеуін жариялады. Олардың айтуынша, соңғы 30 жылда дүние жүзіндегі жасөспірімдер мен жастар арасында 2-типті қант диабетінің жиілігі айтарлықтай артқан.

Ғалымдар 2019 жылдан бері 204 елде 15 және 39 жас аралығындағы адамдардың қатысуымен зерттеу жүргізді. Сол арқылы олар 1990 жылдан 2019 жылға дейін бүкіл әлем бойынша жасөспірімдер мен жастардың аурушаңдығы айтарлықтай көбейгенін анықтады. Өлім-жітім деңгейінің өскені де байқалды.

Жалпы алғанда, 2-типті қант диабетімен ауыратындар мен одан өлетіндер салмағы көп әйелдер арасында жиі кездеседі екен. Дегенмен, семіздік ерлер үшін де қауіпті фактор саналады. Ғалымдар бұл зерттеу жастар арсындағы қант диабетімен күресудің тиімді шараларын жасауға мүмкіндік беретінін айтып отыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago