Categories: Қоғам

«Умраға апарамын» деп жұртты алдаған кәсіпкер ұсталды

«Умраға апарамын» деп жүздеген қазақстандықты алдаған турфирма басшысы ұсталды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Арнаның мәліметінше, күдіктінің үстінен полицияға шағымдан адамдардың бір бөлігі Меккеге бара алмай қалған. Оған қоса 1000 долларға жуық қаражатын да қайтара алмаған. Енді бір бөлігі киелі мекенге жеткенімен, ақшасын төленсе де, тамақсыз, қонақүйсіз қалған.

Жарқын Бекмырзаев жұбайымен бірге аталмыш турфирма арқылы 17 қаңтарда умраға баруы керек еді. Алайда өзінің айтуына қарағанда, тур агенттігі белгісіз бір себеппен ұшу уақытын кейінге шегерген.

20 қаңтарда Жарқын және басқа 57 қазақстандық Мединаға ұшып барған, бірақ далада қалған.

Қонақүйдің фойесінде біз үш сағаттан астам отырдық, содан кейін қонақүй иесі шығып, бізге орын брондалмағанын және бос орындар мүлдем жоқ екенін айтты. Осыдан кейін бізді қала сыртына қандай да бір жатақханаға апарды. Онда бізге таңғы 7-де экскурсия болатынын айтты. Таңертең тұрдық, дайындалдық, бірақ біздің артымыздан ешкім келмеді. Нәтижесінде «Каусар Травелдің» өкілдері де, тамақ та, ақша да жоқ,

деді Жарқын Бекмырзаев.

Қуанышқа орай, сан соғып қалған қазақстандықтарға умрадағаы басқа турфирмалар көмек берген. Олар өз қаражатына қонақүйге орналастырған, Меккеге апарған.

Жұбайым екеуіміз миллионға жуық шығындалдық. Бұл спонсорлардың көмегін, ақшасын санамағанда. Тек сол кісілердің арқасында тамақ пен жататын орнымыз болды. Ал қонақүйдің бір түні 180 доллар тұрады,

деді ол.

Жүздеген адам алданған турфирма басшысы ұсталды. Полиция оны Алматыдағы пәтердің бірінен тапты.

Мекке мен Медина қалаларына саяхат ұйымдастырып, 50-ге жуық адамды алдаған туристік агенттіктің басшысы ұсталды. Осы факті бойынша 190-бап «Алаяқтық»бойынша қылмыстық іс қозғалды,

деді Шымкент қаласы ПД тергеу бөлімінің бастығы:Ерлан Ибраев.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

28 минут ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

18 часов ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

1 день ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

1 день ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

1 день ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

2 дня ago