Иранда алаңға шығып билеген жұп 10 жылға сотталып кетті — БАҚ

Тегеран революциялық соты 15-бөлімшесінің судьясы Әбілқасым Салават қоғамдық орында билеген жұпты 10,5 жылға бас бостандығынан айырды. Оларды қауіпсіздік қызметкерлері Тегерандағы Азади алаңына жақын маңда билеген видеолары үшін қамауға алған, — деп хабарлайды mediazona.ca «Аль-Арабияға» сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 21 жастағы Амир Ахмади мен оның сүйіктісі Астиадж Хагиги «жамандықты насихаттады», «ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіру үшін сөз байласты» және аятолл режиміне нұқсан келтіретін ақпаратты таратты деген айыптар бойынша кінәлі деп танылған. Олардың әрқайсы алдағы 10 жыл 6 айды түрмеде өткізеді.

Сондай-ақ, сот оларға түрмеден шыққаннан кейін екі жыл ішінде интернетті пайдалануға және Ираннан кетуге тыйым салған. Сот отырысы адвокатсыз өткен.

Еске салайық, бұған дейін Иран билігі әдеп полициясы таратылғанын растағаны хабарланған болатын. Алайда билік бұл шешімге келмес бұрын республикада екі жарым айға созылған жаппай наразылық пен тәртіпсіздіктер болған еді. Өйткені Иранның Күрдістан аумағында тұратын Махса Амини есімді 22 жастағы қыз 13 қыркүйекте Тегеранға келген. Метродан шығып келе жатқан кезде оны полицейлер ұстаған. Себебі Амини хиджабты дұрыс тақпай, шашы көрініп қалған. Ұсталғаннан кейін бірнеше сағаттан соң Амини комаға түскен. Ол 16 қыркүйекте ауруханада қайтыс болды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

7 часов ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago