Шетел басылымына шолу

Ваннада электронды темекіні шамадан тыс шеккен жасөспірім қаза тапты

Мәскеуде 16 жастағы жасөспірім электронды темекіні ыстық ваннада шамадан тыс шегіп, көз жұмды. Бұл туралы SHOT арнасы хабарлайды.

Әпкесінің айтуынша тоғызыншы сынып оқушысы электронды темекі шеккенді ұнатқан. Тіпті өткен жылы ол қоғамдық жерде темекі шеккені үшін тіркеуге алынған. Бала үйге 13 тамыз күні кешке келген. Сағат он бірде ол демалу үшін ванна бөлмесіне барып, сол жерде электронды темекісін тартып, бүкіл пәтерге тәтті иіс тараған.

Бір сағаттан кейін жігіттің жағдайы нашарлай бастаған. Оның жүрегі айнып, кереуетінің жанына су қойып, төсегіне жатып қалған. Таңғы сағат алтыда әпкесі жұмысқа кетер алдында жиенін тексеріп, дем алып жатқанын көреді. Ал күндізгі сағат он екіде әпкесінің қызы оған қоңырау шалып, жігіттің оянбағанын айтады. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылған. Дәрігерлер оның өлімін анықтаған. Өлімнің нақты себебін медициналық сараптама анықтайды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago