Венгрияда мыңдаған мұғалім ереуілге шықты

Жиналған жұрт білім саласына қатысты жаңа заңға қарсы. Реформаға сәйкес, мұғалімдер енді мемлекеттік қызметкер мәртебесінен айырылады.

Онсыз да олардың айлығы аз. Енді мұғалімдер  тіпті  түрлі жеңілдік пен  жәрдемақылардан қағылады. Будапештте басталған қарсылық акциясының соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Дүйім жұрт билеуші партияның штаб-пәтерінің алдына жиналды. Халық жалпы білім алуға қолайлы жағдай жасап, мұғалімдердің айлықтарын көтеруді талап етті.

Егер жаңа заң қабылданса елде 5 мыңға жуық  мұғалім жұмысқа шықпаймыз деп бекініп отыр.

Білім қызметкерлерін ашындырған заң маусымның 1-де күшіне енеді. Содан кейін мұғалімдер күніне бұрынғыдай 8 емес, 12 сағат жұмыс істеуге міндеттелмек. 

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago