Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Визасыз Қытай: артықшылығы мен кемшілігі
Саясат

Визасыз Қытай: артықшылығы мен кемшілігі

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 27.04.2023
Обновлено 27.04.2023 в 03:04
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Еліміз визалық тетіктен бас тартқалы тұр. Еліміз үшін қаншалықты тиімді? Әлде пайдасынан гөрі залалы көп пе?

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан мен Қытай халық республикасының үкіметтері арасындағы «Визалық талаптардан өзара босату бойынша келісімге қол қою туралы» Үкімет қаулысының жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп жазады Айқын ақпараттық сайты.

Бұрын Қазақстанға келгісі келетін кез келген Қытай азаматы виза алуға міндетті болатын. Тиісінше, олардың біздің елге енбес бұрын қазақстандық құзырлы органдар әрқайсысын жеке тексереді. Қандай да бір күдік тудырса, виза бермей қоятын.

Енді жаңа келісім бойынша ҚХР азаматтарына виза алуы қажет емес. Шекарада паспортын көрсетсе, жеткілікті. Оның мынандай артықшылықтары бар:

Біріншіден, Қазақстан азаматы – Қытайға, ҚХР азаматы – Қазақстанға жеке істері бойынша, туризм, ем қабылдау, халықаралық тасымалдарды, транзитті жүзеге асыру, сондай-ақ іскерлік мақсатта, соның ішінде келісімшарттар жасасу, келіссөз жүргізу, консультациялық қызмет көрсету және басқа да бизнес үшін визасыз, еркін келе алады.

Екіншіден, Қытай азаматы шекарамызды кесіп өткеннен бастап, елімізде күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде еркін жүріп-тұра алады.

Үшіншіден, егер бұл уақыт аздық болса, күнтізбелік 180 күн (жарты жыл) ішінде жалпы жиынтығында күнтізбелік 90 күннен аспайтын уақыт бойы бір мәрте немесе көпмәрте келуіне, уақытша болуына рұқсат, бұл үшін де визалық талаптардан босатылады.

Төртіншіден, егер азамат үш айдан да ұзақ уақытқа қалуға ниет білдірсе, оған да рұқсат. Бірақ бұл жағдайда ол Қазақстан аумағына кірер алдында визаға өтініш беруге тиіс.

Ал Қытай жағы өзіне визасыз кіргісі келетін Қазақстан азаматтарынан әуелі паспорт талап етсе, екіншіден – ҚХР-да мигрант болып қалып қоймай, кері оралатынын растайтын құжат талап етпек. Әйтпесе, Қытай өзіне кіргізбей қояды. Осы жағынан алғанда біздің елде талап қатаң емес. Бұл – біздің бірінші кемшілігіміз. Өйткені Қазақстанға кіру үшін қытайларда «ҚХР азаматының жартылай қызметтік паспорты» немесе «ҚХР азаматының әдеттегі паспорты» және уақытша жол жүру құжаты болса жеткілікті.

Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Әділ Қаукенов Facebook парақшасында мұны «Қазақстанның кезекті дипломатиялық жеңісі» деп отыр. Оның айтуынша, қазақстандық бизнестің барыс-келісін күрт артады, Қытай нарығы қазақстандық тауарлармен толығады. Ал отандық кәсіпкерлер Қытайдан сенімді инвесторлар тартады деп есептейді.

Экономист Қуаныш Жайықов бұл қадамның қытайлық инвесторлардың күрт артуына серпін беретініне күмәнданады. Әсіресе, экспорт пен импорт саласында үлкен келісімдер бола қоймайды деп есептейді.

Біз Қытайды түсінуден сәл артта қалдық. Себебі, бұл ел – бізден әлдеқайда бай мемлекет. Жалпы, жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің ресми көрсеткіштері бойынша ғана емес, жалақы, кіріс жағынан да әлдеқайда жақсы бізден. Оларда өсіп келе жатқан арнайы орта қалыптасқан. Өйткені бұрынғыға қарағанда әлдеқайда дұрыс тамақтана бастаған, шетелге көбірек шыға бастаған. Міне, осы жағынан біз өзіміздің ауыл шаруашылығы мен туризмді ұсына аламыз. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы, Жетісу, Алматы және Алматы облысындағы туризмді дамытуға болады. Әрине, бұл арқылы елдегі ЖІӨ-нің деңгейі айтарлықтай өзгермейтіні анық.

Алайда жекелеген салада не болмаса өңірлерді жандандырып, қозғалыс әкеледі. Мәселен, жаһандық көзқарас бойынша біз шикізат ұсына аламыз. Бірақ Қытай біздің елдің шикізаты мен мұнай-газына тәуелді деп ойламаймын. Қытай экономикасы түрлі тауарды толлыққанды өңдіріп отыр. Бұрын жартылай фабрикаттар болса, қазір Қытай техника, электротехника, тұрмыстық техника секілді басқа да көптеген тұтыну тауарларын жасайды. Осы жағынан алғанда Қытайдың бізге берері бар.

Оның үстіне, бәсекелестіктің арқасында технологияның бағасы түсіп, сапасы жақсара түседі. Бұрынғыдай Батыс Еуропа, АҚШ секілді елдерге тәуелді болмаймыз. Сонымен қатар, бизнесті қалай жүргізу керегін үйреніп, тәжірибе жинақтауға үлкен мүмкіндік, – дейді сарапшы.

ТЕГи: Геосаясат, Главное, Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 27.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?