Categories: Маңызды

Влад Челахтың анасы Светлана Ващенко: «Менің ұлым тірі қалғаны үшін жазықты»

«Арқанкерген» шекарасында 15 әріптесін өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған шекарашы Владислав Челахтың Президентке жариялаған үндеуінен соң Globalnews редакциясы тұтқындағы күдіктінің анасы Светлана Влащенконың пікіріне жүгінді.

Әрине, біз редакцияны қызықтырған басты сұрақты қойдық. Влад анасына шекарадағы қырғынға қатысы бар шенеуніктердің есімдерін атады ма?

«Біз бұрын да тиісті органдарға жүгінгенбіз»

Светлана, біздің білуімізше, Влад Бас прокуратураға қаңтар оқиғасынан кейін бірден хат жазып, он жылдық тарихы бар істі қайта қарауды сұрады. Алайда бас қадағалау органы сіздің ұлыңыздың хатын жоққа шығарып, тек бір жылдан соң, яғни Челах тікелей Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық үндеу жасаған соң ғана жауап берді.  Бұл жағдайды қалай түсіндіре аласыз?

— Влад Бас прокуратураға да, сотқа да, Президенттің атына да жазды. Сол кезде қадағалау және сот органдары оның жүгінуге еш құқығы жоқтығын алға тартты. Себебі үкім шығарылып, өз күшіне баяғыда енген. Ал бұл жағдайда тек оның адвокаты ғана жүгіне алады. Одан бөлек, Владтың атасы және мен де істі қайта қарауды сұрап жазбаған жеріміз қалмады. Онда да біздің құқығымыз шектеулі екенін айтып, ұлымның өзі жазуы керек деді. Олар әр түрлі сылтауларды айтып, бізден қашқақтады.

— Бұл жолы Владтың хаты Президентке жеткен сияқты. Өз үндеуінде ол «Арқанкерген» заставасындағы 15 шекарашыны кім өлтіргенін, оның артында тұрғандардың есімдерін атауға дайын екенін жеткізді. Алайда, хатта бір де бір адамның аты-жөні көрсетілмеген. Әлде ол Президентке жеке айтықсы келгені ме?

— Влад болған оқиғаның ақиқатын жайып салуды мақсат қойып отыр. Мүмкін, расымен де ол барлығын Мемлекет басшысына айтқысы келетін шығар. Себебі ол әділеттіктің барына сенбейді.

Үнсіздік түбіне жетеді

Неге арада 10 жыл өтен соң Влад шындықты айтуға бел буды?

Ол осы уақыт ішінде неліктен ешнәрсе айтпай келгенін білмеймін. Мен сотта ұлымды осы қантөгіске қатысы бар адамдардың кім екенін айтуын бірнеше рет сұрағанмын (оны барлық БАҚ дәлелдей алады).

Мүмкін оны тергеу органдары қорқытып қойған да болар. Ол Президентке жазған хатында, оны азаптағанын, сондай-ақ кінәсін мойындатқызу үшін неше түрлі психотроптық заттарды қинап бергенін де жазған. Ол өзінің кінәсін мойындаған сол бір атышулы видеоны көрген шығарсыздар. Ол кезде ұлымның есірткіге масайып алғанын бірден түсіндім.

Ол кезде Влад небәрі 19 жаста болатын. Ол әлі ересек өмірге дайын емес еді, айналасында не болып жатқанын түсінбеді. Ұлым үлкен күйзеліске ұшырады.  Ол жасамаған қылмысты оның мойнына артып, тергеушілер мен камераның алдында қинады. Қоғамның назарын өзіне аударды. Ал енді 10 жыл өтті, қазір ол ақыл тоқтатып, ақ пен қараны ажыратып, нақты шешім қабылдап отыр.

Шындық па, әлде…

Кейбір «диван» сарапшылары Челахтың бұл әрекетін Рустам Ибрагимовқа (саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіргені үшін сотталған) еліктеп жасап отыр деген пікір білдіруде. Яғни, ерекше колониядағы шарттарын кішкене өз пайдасына өзгерту үшін. Ибрагимов та кезінде тапсырыс бергендердің есімдерін атаймын деп үндеу жасады. Алайда, әр бір тергеу барысында оның сөзі де, өлімге қатысы бар деген адамдардың есімдері де үнемі ауысып отырды. Влад осындай қулыққа барады деп ойлайсыз ба?

— Влад бұрын да істі қайта қарауды сұраған. Бірақ оны тыңдамады, тыңдағысы келмеді де. Бас прокуратура да, соттар да, халықаралық құқық қорғау ұйымдары да, бір де біреуі сөзіне құлақ аспады. Істі жауып тастады. Сол күндері «Арқанкерген» заставасында не болғаны жайлы түрлі нұсқалар бар ғой: лаңкестік шабуылдан бастап VIP-аңшыларға дейін.

Влад ешкімді өлтірген жоқ. Ол бұл туралы бірнеше рет сотта мәлімдеді. Айтпақшы, кабинет отырысы кезінде, журналистер бақылап отыратын монитордың дауысы үнемі жоғалып отырды. Ол уақытта мен залда болдым. Сол кезде сот қызметкерінің әдейі сымның бірін алып тастап, кейін қайта жалғап отырғанын өз көзіммен көрдім. Меніңше, БАҚ шындықты білгенін әлдебіреулер қаламаған сияқты. Мен ұлымның кінәлі еместігіне сенімдімін. Ұлым мұндай сорақылыққа бара алмайды. Ұлым тек тірі қалғаны үшін жазықты болды.

“Менің балам өлтірмеді”

– Шекарашылардың өзара қарым-қатынасы өлтіруге себеп болуы мүмкін деген нұсқа да бар.

Ондай ештеңе жоқ, сексуал бопсалау да болмады. Олар тату-тәтті еді. Влад маған заставадан хат жазатын. Бір мәселе болса, айтар еді.

– Тергеудің ресми нұсқасымен қатар тағы бір нұсқа айтылды — бұл қылмысқа VIP аңшылардың қатысы болуы мүмкін. Сіз бұл туралы бірдеңе білесіз бе? Түрмедегі ұлыңызбен кездескенде шекарада кісі өлтіргендердің есімін атады ма?

– Жоқ, ол маған ештеңе айтпады. Олардың аты-жөнін білсем, ұлымды құтқару үшін ашық айтар едім. Он жыл бойы бізге ұзақ тілдесуге мүмкіндік бермеді. Әр кездесуіміз тек екі сағатқа созылатын. Жақында ұлыммен кездестім, бірақ отбасы мәселесін ғана талқыладық. Өйткені оған бізбен де, тіпті камерада бірге отырғандармен басқа тақырыпта сөйлесуіне болмайды. Бәріне тыйым салынған. Бұл — қатаң режимдегі колония, барлық әңгіме тыңдалады. Баламның жанында күзетшілер тұрды. Кездесуге арналған бөлмеде колонияның басқа да қызметкерлері болды, сол себепті ашық тілдесуге, жүрекжарды әңгімелесуге мүмкіндік болмады. Әйтпесе ұлым шекарада болған оқиғаға қатысты шындықты айта ма деп ойладым.

Баламның 15 адамды жалғыз өзі өлтіруі мүмкін емес, оны құдды бір терминатор көреді. Айтпақшы, тергеу мен сот кезінде маған журналистерге артық ештеңе айтпауым керектігін, тіпті оларға осы жағдайға қатысты өзімнің нұсқамды да бөліспеу керек екенімді, әйтпесе мұның бәрі баламның тағдырына әсер ететінін бірнеше рет ескертіп айтты. “Құдай сақтасын, баспасөзге бірдеңе жарияласаңыз, Влад бұл жерден ешқашан шықпайды”, — деп тергеудің алғашқы күндерінен-ақ тікесінен айтқан. Қайталап айтамын — көп нұсқа болды, бірақ дәлел жоқ. Влад 15 адамның өліміне кімнің қатысы бар екенін жеке өзіме айтқанда ғана сенемін. Ал оған дейін тек болжай аламыз.

“Арқанкерген” және “Ақсай қырғыны”

– Сіздіңше, “Арқанкерген” мен “Ақсай қырғынының” байланысы бар ма?

Бәлкім. Екі оқиға ұқсас: қылмыскер құрбандарын пышақтап өлтірген, артынан өрт болған. “Ақсай шатқалындағы” қайғылы оқиға да кездейсоқ болмаған шығар. Біреу біздің ісімізден назарды басқа жаққа аударғысы келген сияқты. “Арқаркерген” оқиғасында баламды кінәлі етсе, “Ақсай қырғынында” кінәні өлтірілген аңшының ұлы — Игорь Захарапулоға артпақ болды. Бірақ олардың ойы жүзеге аспады, Игорь іс-түссіз жоғалып кетті. Алайда кейін бәрі өзгеріп шыға келді — түбінде діни фанатиктер кінәлі болып шыға келді.

Бір күні шекарадағы қайғылы оқиғаға қатысты бар шындық ашылатынына және ұлым бостандыққа шығатынына үміттенемін.

“Арқанкергеннің” қарғысы

– Сот үкімі жарияланғаннан кейін сіз мемлекеттік айыптаушыларға қарғыс айтып, көпшілік алдында көкнәр тұқымын лақтырдыңыз. Біраз уақыттан кейін Шымкент маңында ұшақ апаты болып, шекара қызметінің барлық басшылығы дерлік – полковник Тұрғанбек Стамбеков, «Оңтүстік» шекара әскерлері басқармасының бастығы Павел Доценко, Қордай және Сарыағаш шекара отрядтарының басшылары қаза тапты. Көпшілік сіздің қарғысыңыз әсер етті деп ойлады…

Бұған қатысты пікір білдірмеймін.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

13 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

14 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago