Categories: Инсайдер

Жүрсін Ерманның эфиопиялық құдасынан қайыр болмады

Осы жылдың тамыз айында Қазақстанға біздің эфиопиялық құдамыз (ақын Жүрсін Ерман мен Дәулет Тұрлыхановтың) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус келді.

Әдеттегідей, сыйлы қонақты ежелгі қазақтың дәстүріне сай күтіп алды. Жапанын жапты, бай дастарқанды да жайды, естелікке селфи жасап, асыл тұқымды жылқысын сыйлады.

Елдің құдасына арналған үш күндік той министрліктің де, шенеуніктердің де жүйкесін тоздырды. Олардың бар ойы ДДҰ басшысы QazVac-ты мойындайды ма, жоқ па деген сұрақтарға толы болды.

Мұнай мен басқа да пайдалы қазбалардан қашанға дейін тәуелді боламыз? Біздің отандық QazVac вакцинасын Дүниежүзілік ұйым мақұлдаса, мысқылдаған скептиктердің аузын бір жолата жабуға мүмкіндік туатын еді. Артынша отандық өнімді экспортқа шығарып, қазынаны толтырамыз деген мақсат та болған.

Шенеуніктер бірінші болып вакцинаның қаншалықты оң әсер беретінін бекер сынаған жоқ қой. Мысалы білім министрі Асхат Аймағамбетов.

Алайда ғажайып болмады.

Тедрос еліміз көрсеткен керемет қонақжайлылыққа алғыс ретінде тек қазақ тілін үйренемін деп уәде берді. Немерелері Қазақстанның тумалары болғандықтан ғана болар.

Қазақстан менің де үйім. Немеремнің тілі шыққан кезде, мен онымен оның ана тілінде сөйлегенім дұрыс,

деп журналистерге жауап беріп, өзінің Женевадағы штаб-пәтеріне кетті.

ДДҰ басшысы әлі күнге дейін сол жерді паналап жүр.

Ал біздің бастықтар түсіне алмай әлек. Қаншама ақша шығарып жасаған вирусқа қарсы QazVac вакцинасы тек мұражай экспонаты болып қала бермек пе?

Бәрі сіз ойлағаннан да басқа. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына әлемдік фармацевтикалық компаниялардың әлі күнге дейін қыруар ақша салып отырғаны біздің шенеуніктердің миына кіріп шықпайды. Сондықтан бұл жерде бір жылқы мен шапан жаптым деп ақтала алмайсың!

Бәсекеге қабілетті инъекция

Коронавирус өршіген алғашқы жылдарда әлемде вакциналық соғыс басталды. Вирусқа қарсы вакцина жасауға кіріскен мемлекеттер өнімін нарыққа шығару үшін саяси құралдарды да қолдана бастады. Бұл жерде АҚШ пен Ресейдің өзара келіспеушілігі айқын көрініс тапты.

Өзінің айрықша сөздерімен танымал, бұрын американдық мемлекеттік департаменттің өкілі, қазір ақ үйдің өкілі Джен Псаки Ресейдің барлау агенттіктерін жалған ақпарат таратты деп айыптады. Олар Moderna және Pfizer вакциналарының қауіпсіздігіне күмәнмен қараған еді.

Расымен, әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында аталмыш вакцинаның кері әсері мен тіпті өлімге алып келген жағдайлары хабарланды.

Израиль ғалымдары да отқа май құйып, вакцинаның тиімді екенін жоққа шығарды.

Ақшасы бар, бірақ өзінің фармацевтикалық өндірісі жоқ мемлекеттер үшін вакцина өндірушілер арасындағы бәсекелестік арта түсті. Миллиардтаған пайда алып келетін болғандықтан, біздің эфиопиялық құдамыз қазақстандық вакцинаны тіркеуге асықпайтыны орынды сияқты.

Бұл тек бизнес.

«Қараңғы доктор»

Тедрос Адханом Гебрейесус әлем халқының денсаулығына алаңдап отырған жоқ. Тек ақшаға құныққанын келесі нақты дәлелдер айтып берер:

Біріншіден, бұл дәрігерлік тәжірибесі мүлде жоқ ДДҰ-ның алғашқы басшысы. Адханом 1992 жылы Лондон университетінің «жұқпалы аурулардың иммунологиясы» мамандығы бойынша магистратурасын бітіріп, сәл кейінірек Эфиопия провинциясындағы безгекпен күресу мәселелерін зерттегені үшін Ноттингем университетінің (Ұлыбритания) докторлық дәрежесін алды.

Батыс БАҚ жазғандай, отанына оралғаннан кейін ол бірден саяси ортаға араласып кетті. Көп ұзамай Эфиопияның Денсаулық сақтау министрінің орынбасары болды.

Екіншіден, өз елінің министрлігін басқарған уақытта Эфиопия мемлекеті үш рет тырысқақ эпидемиясының өршуіне байланысты жабылды. Мыңдаған бейбіт халық қырылды. Ауру көрші елдерге жайылған кезде ғана эпидемияның алдын алуға кіріскен. Себебі Эфиопия билігі соңына дейін эпидемияның бар екенін мойындағысы келмеді. Ал халық басқа «өткір сулы диарея» ауруының салдарынан қайтыс болды деп мәлімдеді.

Үшіншіден, ДДҰ — дағы сыбайлас жемқорлықпен күресуге уәде берген Тедрос Адханом 2017 жылдың қазан айында, өзі сайланғаннан бірнеше апта өткен соң Зимбабвенің бұрынғы диктаторы Роберт Мугабені елші лауазымына тағайындады. Ол «кісі етін жейтін жалмаумыз» деп танылған.

Оның бұл шешімі үлкен жанжал тудырды. Нәтижесінде ДДҰ басшысы тағайындаған елшісін орнынан алып тастауға мәжбүр болды.

Сыбайлас жемқорлық, міндеттерін орындамау, қауіп-қатерге уақытылы тосқауыл қоя алмау, пайда табу үшін фармацевтикалық алпауыттармен келіссөздер жүргізу – бұл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына қатысты наразылықтың бір бөлігі ғана.

Қазақстан әлемдік өткізу нарығында жекпе-жекке шығуға дайын ба?

Негізі керемет болар еді… Тағы бірнеше фармацевтикалық өндірістер мен жұмыс орындары ашылар еді. Ол бюджетке айтарлықтай табыс пен салық алып келер еді. Алайда, біздің өндірістегі деңгей мен өршіп тұрған жемқорлықпен мұндай биік мақсаттар қою, әрине күлкілі.

Сондықтан басқа алып ойыншылардың әрекеттерін сырттай бақылай отыра, әрі қарай армандап жүре берейік.

Мұнымен қоса ДДҰ Билл Гейтстің мүддесі үшін әрекет етеді. Себебі фармацевтикалық компанияларға әлемге дүрбелең тудыратын жаңа қорқынышты аурулар қажет.

Ал Қазақстанға тағы бір жанжалдың қажеті қанша?

Сая Манарбековна

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 часа ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

1 день ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

4 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

4 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

4 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

4 дня ago