Владимир Зеленскидің автомобилі Киевте апатқа ұшырады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров хабарлады.
Киевте жеңіл көлік Украина президентінің автомобилі мен еріп жүретін көлікпен соғысты,
деп жазды Сергей Никифоров Facebook-парақшасында.
Украина басшысымен бірге жүрген дәрігерлер жеңіл көлік жүргізушісіне шұғыл көмек беріп, оны жедел жәрдемге тапсырды.
Президентті дәрігер қарады, ауыр жарақаты жоқ,
делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасының мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.