Ресейдің президенті Владимир Путиннің 2022 жылғы қыркүйекте мобилизация жариялағаннан кейін Украинадағы соғысты қолдайтындар саны күрт азайған болатын. Алайда мобилизация аяқталған соң олардың қатары қайта көбейген.
Бұл туралы Общественное мнение» («Қоғамдық пікір») қоры жүргізген жабық социологиялық зерттеу қорытындысына сүйеніп, The Wall Street Journal басылымы хабарлады.
Сауалнамаға сәйкес, былтыр қыркүйектің аяғында Украинадағы соғысты 34%-і қолдаса, қарашаның басында 80%-ке жеткен.