Фото: ашық дереккөзден
Cоғыс Жердегі адамдардың үштен екісі немесе 5 миллиард адамның өмірін жалмап, артынша аштық орын алады, деп хабарлайды Bloomberg басылымы.
Ратгерск университетінің ғалымдары Ресей мен АҚШ арасындағы ядролық соғыстың салдары қандай болатынына қатысты осындай болжам жасады. Компьютерлік моделдеу негізінде ғалымдар АҚШ және Ресейдің одақтастары арасындағы соғыс кезінде әлемдегі ядролық қару қорының 90%-ы қолданылатынын анықтады. Нәтижесінде атмосфераға 165 миллион тонна күл тарап, планетада ядрлық қыс басталады.
Көміртек бөлшектері Жер бетін жауып, стратосфера қызғандықтан озон қабаты бұзылады. Бұл қауіпті ультракүлгін сәулеленудің артуына әкеп соғып, егістіктің өсуіне кері әсер етеді.
Ядролық бомбалардың жарылуынан 360 миллион адам көз жұмады. Ал 5 миллиард адам апаттан кейінгі аштықтан ажал құшуы мүмкін.
Жаңа климаттық модель ғалымдарға ядролық жанжалдың жүгері, күріш және бұдай мен бұршақ өсіміне қалай әсер ететінін білуге мүмкіндік берді. Соғыстан соң дақыл өсіру 3-4 жылда 90%-ға қысқарады. Ал бұл Ресей мен АҚШ сынды ірі экспортшылар үшін зиянын тигізеді.
Зерттеу авторларының бірі профессор Алан Робок ғалымдардың ядролық соғыстың салдары жайлы жеткілікті ақпарат жинаған атап өтті. Сөзінше, кез келген соғыс ғаламдық астық қорын жойып, миллиардтаған адамның ажалына әкеліп соғады.
Сарапшылар өз есептеулерін әр елдің ядролық арсеналының көлеміне негіздеген. Қазіргі уақытта тоғыз елдің бақылауында 13 мыңнан астам ядролық қару бар.
Ядролық қаруға тыйым салу жалғыз ұзақ мерзімді шешім. Қарудың бұл түріне тыйым салатын БҰҰ-ның бес жылдық келісімін 66 ел қабылдады, оның ішінде тоғыз ядролық мемлекеттің бірде-біреуі жоқ. Осы тоғыз держава біздің кеңесімізге құлақ асып, шартқа қол қоюы керек,
деді Алан Робок.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…