Қоғам

Яндекс әбден құтырды

Отандық такси-серверін ашамыз деп жатыр еді, сол не болды өзі?

Қыруар қаржының Яндекс арқылы да Ресейге кетіп жатқанына ішің ашиды. Әлихан Смайылов басқарған өкіметке екі қойың бір сом.

Ауа-райы өзгеріп, жаңбыр не қар жауса болды,  яндекс бағасын аспандатып жібереді. Қосса қоссын дейсің ғой. Бірақ дәл мынандай ойға келмейтін бағаны қайдан алады?

Ал мына суретте алыстау жерлерге бағаны тіпті ұшырғаны көрініп тұр.

Демек, отандық тасымалдаушылар бәсекеге қабілетсіз болғаны, орташа деңгейде қызмет көрсете алмағаны. Тым болмаса орта деңгейлі қызмет көрсете алса, халық жаппай болмаса да, жартысы соған ауысар еді.

Такси жүргізушілері біздер сияқты қарапайым халық. Алайда, олардың еңбегін Ресейдің яндексі қанап отыр, таксистер табыстарының жартысын соларға береді.

Мысалы отандық «Апару», «Qazaq Taxi» қызметтері ашылған. Алайда оларда ешкім жұмыс істегісі келмейді, шақырсаң таксиге зар болып қаласың. Баяғы қолмен тоқтатып мінетін таксилер қайда? Көшеге  шығып қол көтерсең кез-келген өзіміздің нан тауып жүрген таксистер 1000 теңгеге жеткізіп тастайды. Бірақ қазіргі адамдарға комфорт керек, үйінің алдына келіп күтіп алып, жеткізіп тастағанын қалайды. Не дейміз? Ақшасы көптер жүре берсін!

Мемлекет басында мемлекетшіл, елге, жерге жаны ашитын басшылар отырмаса, онда мемлекеттің бүкіл байлығын жат иеленіп, халқы өз жерінде жат жұртқа бір үзім нанға құл болып, соңында ол мемлекеттің күйреп тынатыны тарихтан белгілі.

деп жазыпты Сәуле Әбілдаханқызы.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

22 часа ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

22 часа ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

22 часа ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

23 часа ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago