Отандық такси-серверін ашамыз деп жатыр еді, сол не болды өзі?
Қыруар қаржының Яндекс арқылы да Ресейге кетіп жатқанына ішің ашиды. Әлихан Смайылов басқарған өкіметке екі қойың бір сом.
Ауа-райы өзгеріп, жаңбыр не қар жауса болды, яндекс бағасын аспандатып жібереді. Қосса қоссын дейсің ғой. Бірақ дәл мынандай ойға келмейтін бағаны қайдан алады?
Ал мына суретте алыстау жерлерге бағаны тіпті ұшырғаны көрініп тұр.



Демек, отандық тасымалдаушылар бәсекеге қабілетсіз болғаны, орташа деңгейде қызмет көрсете алмағаны. Тым болмаса орта деңгейлі қызмет көрсете алса, халық жаппай болмаса да, жартысы соған ауысар еді.
Такси жүргізушілері біздер сияқты қарапайым халық. Алайда, олардың еңбегін Ресейдің яндексі қанап отыр, таксистер табыстарының жартысын соларға береді.
Мысалы отандық «Апару», «Qazaq Taxi» қызметтері ашылған. Алайда оларда ешкім жұмыс істегісі келмейді, шақырсаң таксиге зар болып қаласың. Баяғы қолмен тоқтатып мінетін таксилер қайда? Көшеге шығып қол көтерсең кез-келген өзіміздің нан тауып жүрген таксистер 1000 теңгеге жеткізіп тастайды. Бірақ қазіргі адамдарға комфорт керек, үйінің алдына келіп күтіп алып, жеткізіп тастағанын қалайды. Не дейміз? Ақшасы көптер жүре берсін!
Мемлекет басында мемлекетшіл, елге, жерге жаны ашитын басшылар отырмаса, онда мемлекеттің бүкіл байлығын жат иеленіп, халқы өз жерінде жат жұртқа бір үзім нанға құл болып, соңында ол мемлекеттің күйреп тынатыны тарихтан белгілі.
деп жазыпты Сәуле Әбілдаханқызы.