Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Яндекс.Таксидің 200 мың қызметкері жұмыссыз қалуы мүмкін
Басты жаңалықтарҚоғам

Яндекс.Таксидің 200 мың қызметкері жұмыссыз қалуы мүмкін

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 20.12.2022
Обновлено 20.12.2022 в 10:12
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Қазір компанияға қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ол бағаны негізсіз көтерді деген күдікке ілінген.

Бүгінде әртүрлі онлайн сервисте 500 мыңнан аса қазақстандық жұмыс істейді. Оның 200 мыңға жуығы «Яндекс. Такси» қосымшасы арқылы нәпақасын табады.

Ойлаңыздаршы, 200 мың қазақстандық. Менің ойымша, бұл мәселеге Үкіметтің тікелей назарын аударуы керек. «Яндекс.Такси» қосымша такси жүргізушілерін алатын комиссиясы 18 — 22% аралығында. Бұл не деген дүниеқорлық?

деді депутат Елнұр Бейсенбаев Үкімет сағатында.

Депутат мемлекеттік органдар бұл мәселеге назар аудармай отырғанын жеткізді.

Біріншіден, Бәсекелестікті қорғау агенттігі қайда қарап отыр? Қазақстанның салығынан да көп комиссия алынады? 200 мыңға жуық қазақстандық соншама комиссияны қазақстандық емес ұйымға жіберіп жатыр? Неге осыны бақылауға алмайсыздар?

Екіншіден, «Яндекс.Такси» қосымшасына балама қосымша жоқ. Ресейге әртүрлі санкция салынуда. Қателеспесем, Эстония, Литва «Яндекс.Таксидің» жұмысын тоқтатты. Ертең 200 мың қазақстандық бір күнде жұмыссыз қалу қаупі бар,

деді депутат.

Елнұр Бейсенбаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне сауал жолдады.

Бағдат Батырбекұлы, «Яндекс Такси» қосымшасында 200 мың адам жұмыс істейді деген ақпарат нақты емес. Онда қанша қазақстандық еңбек етіп жүр? Қазақстанда «Яндекс.Таксиге» бәсекелес болатын қазақстандық қосымшаны ойластыру жоспарда бар ма?

деп сұрады ол.

Ведомсво басшысы сұрақтарға нақты жауап бере алған жоқ. Сонымен қатар ол қытайлық Didi компаниямен келіссөз жүргізіп жатқанын атап өтті.

Бізге Didi деген қытайлық оператор келді. Содан кейін ол кетіп қалды. Осылайша, «Яндекс. Такси» жалғыз қалды. Didi келіп, екеуі жұмыс істесе, бәсекелестік болса, мұндай (жоғары) баға болмас еді деп ойлаймын. Сондықтан осы тұрғыда тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Біз Didi-мен қайта байланыс жүргізіп жатырмыз. Біздің нарыққа келуі бойынша,

деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов «Яндекс.Таксидегі» бағаның жоғары болуына байланысты тексеріс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Жыл басынан бері агенттікке көптеген арыз түсті. Арыздар «Яндекс.Таксидің» 16 — 20% комиссиясына байланысты. Бүгінде тергеу жүргілізіп жатыр. Екі іс қозғалды.

Бірінші іс – бағаның жоғары болуына байланысты. Әрбір сапардан неге 18-20% алынғанына қатысты. Екіншіден, олар Астана және Алматыда монополист болып саналады. Нарықтағы үлесі – 70-80%. Халықтың аталған қосымшаны пайдаланбасқа амалы жоқ. Тергеу аяқталған соң нәтижесін жариялаймыз,

деді Болат Сәмбетов.
ТЕГи: Қазақстан, Экономика
Сая Манарбековна 20.12.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?