Кәсіпкердің мәлімдемесін ресейлік The Bell басылымы жариялады.
Мен Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсымын. Мұнда менің де достарым мен туыстарым бар. Ресей әскерилерінің украиналықтардың үйлерін күн сайын бомбалап жатқаны мені үрейлендіреді.
Аркадий Волож — ресейлік кәсіпкер, бағдарламашы, Яндекстің негізін қалаушы және бұрынғы бас директоры. Forbes мәліметі бойынша, Волож 1,1 млрд доллар байлығымен ресейлік миллиардерлер рейтингінде 101-ші орында тұр.
Өткен апта БАҚ Волождың жеке сайтында өзін “Қазақстанда туып өскен израильдік кәсіпкер” деп атағанын жазған еді. Сондай-ақ, ол ағылшын сайттарындағы өзі туралы мақалалардан да “ресейлік миллиардер” деген сөз тіркесін алдыртып тастаған.