Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Ұқыптырақ ел болып келе жатырмыз
Экономика

Ұқыптырақ ел болып келе жатырмыз

Айдын Қайнарұлы
Айдын Қайнарұлы 03.08.2022
Обновлено 03.08.2022 в 04:08
Поделиться
Поделиться

Қазақстан қалтасына қарай көсіле бастады. Біз бұл сәтті ұзақ күткен едік. Себебі, биыл ақырындап ақша жинай бастадық. Қарыз алуды да азайту мүмкіндігі бар. 2022 жылдың жарты жылы артта қалды. Кредит пен дебетті соғып, қанша таптық, қанша құрттық деп есеп беретін уақыт келді, деп жазған екен желіде PR маманы Айбар Олжаев.

Оның сөзінше, өткен 6 айдың басты екі жаңалығы бар және олар Қазақстанның экономикалық рационализм жолына түскендігін айғақтайды.

  • Біріншісі. Ұлттық қорға түскен ақша былтырғы көлеммен салыстырғанда 2 есе көбейді. Әрине, ол жоғары мұнай бағасына қатысты екені түсінікті. Бірақ, салықтық дисциплинаның жақсарғаны байқалады. Енді оны жалпы бюджеттік дисциплинаға ұластыру керек. Себебі, осы жарты жылда бюджеттің шығыс бөлігі тағы 20 пайызға артып отыр. Қаржыгерлер қауымдастығы берген мәлімет ішіндегі шоғырландырылған бюджет көрсеткіштеріне қарасақ, біз алты айда 10,2 триллион теңге салық жинадық.
  • Екіншісі. Шоғырланған бюджет профицитті және сыртқы қарыз көлемін қысқартуға мүмкіндік ашады. Биыл Үкіметтің қарыз алу жоспары 4,6 триллион теңге болатын. Қазір осы көлемнен 1,7 триллион теңге қарыз алынды. Сыртқы жағдай қолайлы болса, Үкімет қарыз алу қарқынын бәсеңдете алады. Тағы 2 триллион алып, 3,7 триллион теңге қарызбен тоқтауы мүмкін.

Шоғырланған бюджет біраз жылдан бері дефицитті болып келіп еді. Биыл 1,4 триллион теңге профицит байқалып отыр.

Бірақ Ұлттық қорға қол салу мәселесінің әлі де шешілмегенін мойындау керек. Биылғы трансферт көлемі 2,4 триллион теңге. Ол былтырғы жартыжылдықтан 15 пайызға көп. Енді 2023 жылдан бастап, осы трансферт көлемі азаяды деп үміттенеміз. Себебі, егер тарта жесек, әрі Алтын Орда, барахолка, Қорғас, Қордай кедені сынды көлеңкелі экономика ошақтарында тәртіп орнатсақ, Ұлттық Қорсыз ақ жиналған салыққа өмір сүруге болады.

Ұлттық қор активтерінің көлемі тек кіріс пен шығысқа байланысты емес. Мысалы, қазір оған түскен ақша екі есеге артса да, оның өсімі тек 6% болып отыр. Себебі, курс айырмашылығын, акциялар құнын қайтадан бағалау/есептеуден активтер осылайша секіріп тұрады.

Тағы бір ньюансты айта кетпеске болмайды. Ұлттық Қорды теңгемен есептеуден кету қажет деп ойлаймын. Ол бәрібір доллармен толығатын, соның эквивалентінде есептелетін ақша. Оны теңгеге шағу (курс ауысып тұратындықтан) небір статистикалық манипуляцияларға алып келіп жүр. Мысалы, доллардағы активі 50 миллиардтан өзгермесе, бірақ алты айда теңге бағамы құлап қалса, Ұлттық қордың теңгеге шаққандағы көлемі бәленбай триллионға өсті деп мақтана салу қиын емес. Бірақ ол өз-өзіңді алдау болып шығады,

дейді ол.
ТЕГи: Әлеуметтік желі, Сарапшылар ойы, Слайдер, Экономика
Айдын Қайнарұлы 03.08.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
ҚоғамЭкономика

Қазақстанда тозған көлік көбейіп кетті

04.06.2024
Оқиға

Семей маңында жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

03.06.2024
Экономика

Қазақстанда баспана арзандап жатыр

03.06.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?