Қазақстан қалтасына қарай көсіле бастады. Біз бұл сәтті ұзақ күткен едік. Себебі, биыл ақырындап ақша жинай бастадық. Қарыз алуды да азайту мүмкіндігі бар. 2022 жылдың жарты жылы артта қалды. Кредит пен дебетті соғып, қанша таптық, қанша құрттық деп есеп беретін уақыт келді, деп жазған екен желіде PR маманы Айбар Олжаев.
Оның сөзінше, өткен 6 айдың басты екі жаңалығы бар және олар Қазақстанның экономикалық рационализм жолына түскендігін айғақтайды.
Шоғырланған бюджет біраз жылдан бері дефицитті болып келіп еді. Биыл 1,4 триллион теңге профицит байқалып отыр.
Бірақ Ұлттық қорға қол салу мәселесінің әлі де шешілмегенін мойындау керек. Биылғы трансферт көлемі 2,4 триллион теңге. Ол былтырғы жартыжылдықтан 15 пайызға көп. Енді 2023 жылдан бастап, осы трансферт көлемі азаяды деп үміттенеміз. Себебі, егер тарта жесек, әрі Алтын Орда, барахолка, Қорғас, Қордай кедені сынды көлеңкелі экономика ошақтарында тәртіп орнатсақ, Ұлттық Қорсыз ақ жиналған салыққа өмір сүруге болады.
Ұлттық қор активтерінің көлемі тек кіріс пен шығысқа байланысты емес. Мысалы, қазір оған түскен ақша екі есеге артса да, оның өсімі тек 6% болып отыр. Себебі, курс айырмашылығын, акциялар құнын қайтадан бағалау/есептеуден активтер осылайша секіріп тұрады.
Тағы бір ньюансты айта кетпеске болмайды. Ұлттық Қорды теңгемен есептеуден кету қажет деп ойлаймын. Ол бәрібір доллармен толығатын, соның эквивалентінде есептелетін ақша. Оны теңгеге шағу (курс ауысып тұратындықтан) небір статистикалық манипуляцияларға алып келіп жүр. Мысалы, доллардағы активі 50 миллиардтан өзгермесе, бірақ алты айда теңге бағамы құлап қалса, Ұлттық қордың теңгеге шаққандағы көлемі бәленбай триллионға өсті деп мақтана салу қиын емес. Бірақ ол өз-өзіңді алдау болып шығады,
дейді ол.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…