Атыс 14 қыркүйекте басталды.
Тараптар атысты бірінші болып бастады деп бір-бірін айыптады. Күрделі қақтығыстар Кех және Бұлан-Басы шекаралық аймақтарында жүріп жатыр.
Бішкек Тәжікстан келісімдерді бұзып, қырғыз территорияларына тиесілі позицияларға кірді деп айыптады.
Душанбі Қырғызстан еш себепсіз тәжік шекарасына оқ атты деп айыптады.
15 қыркүйектегі жағдай бойынша Тәжікстанның 1 сарбазы қаза тауып, 2 адамы жарақат алған. Қырғызстанның да шығыны дәл осылай.
16 қыркүйекте жағдай ушықты. Ауыр техникалар қолданылуда. Бейбіт халықтың арасында да зардап шеккендер бар.
Тараптар қақтығыс аймағынан халықты эвакуациялап жатыр.
Қырғызстан мен Тәжікстан Сыртқы істер министрлері атысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізген.
Қырғызстан СІМ-і келіссөздерге қарамастан Тәжікстан атысты тоқтатпады деп айыптады.
Тәжікстан Қырғызстан шекарасына ауыр бронды техникаларды, РСЗО мен авиацияны әкелген.
Қақтығыс кезінде Қырғызстанның 31 адамы жараланған.
ОДКБ тараптарды атысты доғаруға шақырды.