Categories: Саясат

Қырғыз шенеуніктеріне қырғыз тілін білуі міндет болды. Бізде ше?

Қырғызстан «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасын қабылдады. Ол бойынша енді Қырғыз шенеуніктеріне мемлекеттік тілді (қырғыз тілін) білуі міндет болады.

Нақтырақ айтсақ, «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасына сәйкес, Қырғызстан шенеуніктерінің мемлекетті тілді меңгеру деңгейі ортадан кем болмауы тиіс. Бұл туралы Жоғарғы Кеңес (Парламент) отырысында Мемлекеттік тіл жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Қаныбек Осмоналиев айтты, деп жазады Mezgil.kz.

ЖК отырысында депутат Дастан Бекешев:

Мемлекеттік тілді білмейтін шенеуніктер енді қайтеді?

деп сұрады.

Оған:

Заң жобасының 5 бабыны сәйкес, мемлекеттік және муниципалды қызметкерлер қырғыз тілін білуі міндет. Бұл дегеніңіз, орыс тілділердің құқық шектеу емес. Аталған заң жобасының 10 бабында: «Мемлекеттік құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу керек», — деп жазылған. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда өзге тілдерде де жүргізуге болатыны көрсетілген,

деп жауап берді Осмоналиев.

Оның айтуынша, 2017 жылы Қырғыз үкіметі Қырғызстанның мемлекеттік қызметкерлеріне қырғыз тілін меңгеру көрсеткіші В1 деңгейінде болуы керек деп белгілеген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago