Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Қырғызстан Қазақстанға егіс суын беруді тоқтатты: салдары не болмақ?
Саясат

Қырғызстан Қазақстанға егіс суын беруді тоқтатты: салдары не болмақ?

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 15.08.2023
Обновлено 15.08.2023 в 11:08
Поделиться
Поделиться

Қырғызстан Қазақстанға егістікті суаруға арналған суды беруді тоқтатты. Қырғызстан аумағында орналасқан Киров қоймасынан су берілмеу салдарынан Талас пен Байзақ және Жамбыл облысының кей жерлерінде су тапшылығы байқалған. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды. 

Қазақстан шілде айында Киров қоймасынан жіберілетін су көлемін арттыруды сұраған. Бұған Жамбыл облысындағы егістікке арналған су тапшылығы себеп болыпты. Дегенмен көрші елдің ауыл шаруашылығы министрлігі 3,54 миллион текше метр болатын шектеу 4 тамызда аяқталатынын айтып, бұл ұсыныстан бас тартқан. 

Олар 18-31 шілде аралығында Киров қоймасынан секундына бұрынғыдай 40 текше метр емес, 45 текше метр су жіберуді сұрады. Біз көбейте алмайтынымызды, өз егісімізге де жетпей жатқанын алға тарттық. Егер 45 текше метр су алатын болса Қазақстанның 3,54 миллион текше метр лимиті 4 тамызда-ақ таусылады. Қазақтар сонда да өтінішінен бас тартпады. Сондықтан екі жақ Қазақстанға егіс суын тамыздан бастап тоқтату жөнінде хаттамаға қол қойды,  

деп ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері басылымның сауалына жауап берген.

Бүгінгі таңда Қырғызстанның Талас облысында егіс суының тапшылығы байқалған. Себебі Киров қоймасынан секундына 1,3 текше метр су жіберіледі екен. Салыстыру үшін, 2022 жылдың осы кезеңінде қоймадан секундына 13,7 текше метр су жіберіліпті. Ал шілдеде Қырғыз билігі ел ішінде электр энергиясының тапшылығына байланысты 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін төтенше жағдай енгізді. Мұның да негізгі себебі – су тапшылығы. 

Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі Киров қоймасынан су берілмегендіктен Байзақ пен Талас және Жамбыл облыстарының кей аумақтарында су тапшылығы туындағанын жеткізді. Салдарынан 4 мың гектар пияз бен қант қызылшасына қатер төніп тұр. Су жетпегендіктен Қордай ауданындағы Сарыбұлақ, Бетқайнар, Қақпатас пен Степное ауылдарына су берілмейді. Ал мұнда барлығы 5 мың гектар егістік бар. 

9 тамызда Киров су қоймасында 32,48 миллион текше метр су болған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 144,8 миллион текше метрге аз. 

Экология вице-министрі Ғалидулла Азидуллин жыл сайын су тапшылығы мәселесі ушығып келе жатқанын айтқан. 

Әр жылы бұл мәселені көтеріп, ылғалды қажет ететін дақылдар егістігін азайтуды ұсынып, су үнемдеу технологиясына көшу керегін айттық. Сонымен қатар суару режиім мен егіс айналымын ұстану керек,

дейді ол. 

Еліміздің оңтүстік аймақтары толығымен Қырғызстан аумағынан келетін суға тәуелді. Мәселен, Жамбыл облысындағы судың 80%-ы көрші елден келеді екен. Себебі 1983 жылдан бастап Қазақстан мен Қырғызстан Шу, Талас пен Тоқтоғұл су қоймасындағы суды бөлісіп отыр. Қырғызстанның су ресурсы қызметі директорының орынбасары Абдыбай Жайлообаевтың сөзінше, Шу өзенінің 52%-ы Қырғызстанға, ал 48%-ы Қазақстанға тиесілі екен. Ал Талас өзенін теңдей бөлісіп отыр. 

ТЕГи: Геосаясат
Анара Бауыржанқызы 15.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Саясат

Қазақстан Киев шақырған саммитке қатысу мәселесін әлі қарастырып жатыр

05.06.2024
МаңыздыСаясат

Утильсбор деген қазақтың соры…

31.05.2024
Әлеуметтік желіге шолуСаясатСпорт

Турлов деген бәле болды…

30.05.2024
Саясат

Мирзияевке тіл тигізбе, сотталасың!

30.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?