Қырғызстан музыкантын азаптап, сосын оны Қазақстанға шақырды

Журналист Дмитрий Шишкин Викрам Рузахуновтың Қазақстанға қаңтар оқиғасы бойынша тергеу ісіне қатысуға шақырылуына наразы.

Бас прокуратура қырғыз музыканты Викрам Рузахуновтың тергеу әрекеттеріне қатысу үшін Қазақстанға келуі бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Еске салайық, қаңтар айында қазақстандық БАҚ «шетелдік жалдамалының» ұсталғаны туралы ақпарат таратып, тіпті Qazaqstan телеарнасында ұсталған адаммен сұхбат жариялады. Құқық қорғау органдары өкілдері оған «қаңтар оқиғасына» қатысу үшін 90 мың теңге төленгенін мәлімдеді. Бұл ақпарат Қырғызстанға жетіп, олар «шетелдік жалдамалының» шын мәнінде атақты музыкант екенін таниды. Кейін музыкантты «мойындатқаны» белгілі болды.

Рузахуновты аямай соққыға жығып, денсаулығына ауыр зақым келтірген (қырғыз дәрігерлерінің қорытындысы бойынша), Қазақстанға тәртіпсіздіктерге қатысу үшін келгенін «мойындауға» мәжбүрлеген. Музыкантты оның даңқы мен бақытты кездейсоқтық құтқарды,

деп жазды журналист Дмитрий Шишкин.

19 ақпанда музыкант жәбірленуші деп танылды. Азаптау ісі әлі тергеліп жатыр, бірақ оған қатысы барлардың бәрін анықтау мүмкін емес.

Бүгінгі таңда іс бойынша Алматы қаласы, Алматы облысы полиция департаментінің, ҰҚК ПҚ қызметкерлері мен медицина қызметкерлерінен жауап алынды. Дегенмен бірқатар себепке байланысты күдіктілерді анықтау мүмкін емес (видеожазбалар, келушілер мен жеткізілген адамдарды тіркеу журналдары жоқ, барлық тартылған қызметкер маска таққан, соның ішінде медицина маскасын таққан),

деп хабарлады Бас прокуратура.

Сондықтан тергеу органдарына Рузахуновтың өзі керек, бәлкім ол біреуді танитын шығар. Дегенмен Дмитрий Шишкин бұл шешімге ашулы. Эксперт қатысы бар адамдарды анықтаудың қысқа және сенімді әдісін айтты.

Жемқорлықпен күресушілер мен прокурор мырзалар, жазба жоқ дегені несі? Qazaqstan телеарнасы ше? Олардың түсіру тобын көшеде «белгісіз құқық қорғаушы» алып кеткен жоқ шығар?! Шын мәнінде, «әріптестеріміз» — қылмыс сыбайластары. Өйткені түсірілімді полиция немесе ҰҚК-нің бір басшысы ұйымдастырған ғой: ол өз басшылығымен хабарласқан, олар – телеарна басшылығымен дегендей. Содан кейін арна басшылығы журналистерге редакциялық тапсырма берген. Осы тізбек азаптауға тапсырма берген және тікелей азаптаған адамдарға апарады,

деді журналист.
Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

11 часов ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

1 день ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago