ІPhone 13 Pro бағасы 4 күнге арзандады. 26 шілде

Әлемдік БАҚ не туралы жазады.

Қытай мен Ресейді асырап қажеті жоқ

The Wall Street Journal американдық жоғары технологиялық бизнесті қолдау мәселесіндегі белгісіздік туралы жазады.

Бір жарым айлық пікірталастардан кейін Сенат осы аптада үкімет ұсынған «АҚШ-тың жоғары технологиялық бәсекеге қабілеттілігін арттыру» саласын қаржыландыруға дауыс беруі керек.

Заң жобасы 280 млрд доллар бөлуді қарастырады, алайда бұған сенаторлар тобы қарсы. Олар жалпы субсидия бөлуді жөнсіз санап отыр.

Олардың пікірінше, жартылай өткізгіштерді өндіру тиімді бизнес, яғни компаниялар өздерін дамытуға және кеңейтуге қаражат бөлуге қауқарлы. Оның үстіне, субсидиялар шикізатты, оның ішінде Ресей мен Қытайда сатып алуға бөлінеді. Көзделген қаражатты ел ішінде шикізат өндіруге жұмсаған тиімдірек дейді олар.

Қытайлықтарға жеңілдік

Bloomberg мәліметінше, Apple Inc. Компаниясы Қытайда Іphone смартфонының соңғы моделдері мен оның аксессуарларына төрт күндік жеңілдік жариялады.

Әдетте компания өз тауарларының бағасын түсіре қоймайды. Алайда 29 шілде мен 1 тамыз аралығында iPhone 13 Pro моделінің бағасы 600 юаньға (89 АҚШ доллары) дейін төмендейтіні айтылды.  АіrРods және Apple Watch моделдеріне де жеңілдіктер қарастырылған.

«Газпром» сәрсенбіден бастап Еуропаға газ жеткізуді қысқартады

The Guardian Ресей газына байланысты ЕО елдері арасындағы келіспеушіліктер артып келе жатқанын айтады.

Ресейлік «Газпром» энергетикалық компаниясы 27 шілдеден бастап қозғалтқыштың техникалық ақаулығына байланысты соңғы екі турбинаның бірінің жұмысын тоқтатып, «Северный поток» газ құбыры арқылы күнделікті газ жеткізуді 33 млн текше метрге дейін қысқартады деп мәлімдеді.

«Северный поток -1» құбыры өткен аптада 10 күндік техникалық қызмет көрсету үзілісінен кейін қайта іске қосылды. Еуропалық комиссияның Мәскеу газбен қамтуды доғарады дегені ақталмады. Алайда газ беру қайта жанданған соң ЕО атқарушы директоры Ресейді энергияны «қару» ретінде пайдаланды деп айыптап, 27 мүше мемлекетті газды 15% ерікті түрде үнемдеуге шақырды. Егер Брюссель төтенше жағдай жарияласа, бұл міндетті болуы мүмкін.

ЕО шенеуніктері 27 энергетика министрінің кездесуі газды 15% үнемдеу жоспарын бекітеді деп үміттенеді.  Ал ЕО газ құбырына тәуелсіз Испания мен Португалия елдері қарсылық білдірді.

Испания премьер-министрінің орынбасары Тереза Рибера оның елі құрбанға айналғанын ескертіп, оның себебін Испанияның сұйытылған табиғи газ инфрақұрылымына салған инвестициялары мен испандық компаниялар мен тұтынушыларға жұмсалған шығындарды атап өтті.

Басқа елдерге қарағанда, біз испандықтар энергетикалық тұрғыдан дұрыс өмір сүрмедік,

деп кесіп айтты Рибера.

Португалия үнемдеу жоспарына мүлдем қарсы болды. Иберия түбегі елдері де электр энергиясын өндіру үшін көбірек газ пайдаланады, өйткені құрғақшылық гидроэнергетика өндірісін азайтты.

Греция да 15% үнемдеуге қарсы, бұл елдің экономикасы мен тұтынушыларына қатты соққы болады деп мәлімдеуде.

Бұл ретте Польшаны энергетикалық қауіпсіздік алаңдатуда. Поляк шенеунігі Варшава:

поляк табиғи газ қорлары басқа мемлекеттердің мұқтаждары үшін пайдалануға әкеп соғуы мүмкін қандай да бір шешімдерге келіспейді

Киім-кешекке де ақша жоқ

Fox news американдық бөлшек сауда гигантының есебін талдауда. Walmart компаниясы дүйсенбіде инфляцияның қарқынды өсуін негізге алып, екінші тоқсанға және жыл бойына түсім болжамын төмендетті.

Walmart екі таңбалы санмен көрсетілген азық-түлік инфляциясы өткен тоқсанның соңына қарағанда жоғары екенін атап өтті.

… бұл клиенттердің ақша жұмсау қабілетіне әсер етеді, олар тауарлардың, әсіресе киім-кешектің бағасын арзандатуды талап етеді

АҚШ тамыз айында Тайваньға шабуыл жасауды күтуде

АҚШ шенеуніктері Қытайдың Тайваньға қатысты ұстанымына көбірек алаңдаулы, деп жазады New York Times. Байден әкімшілігі Қытай басшылары жақын арада аралға қарсы шығуы мүмкін деп қауіптенеді.

Басылымның дереккөзі хабарлағандай, АҚШ президентінің әкімшілігі, жарияламай-ақ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосиді тамыз айында Тайваньға бару идеясынан бас тартуын талап етуде.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

4 дня ago