Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Қырғызстан орысша атауларды өзгертпекші: Ресей билігі наразы
Саясат

Қырғызстан орысша атауларды өзгертпекші: Ресей билігі наразы

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 29.11.2022
Обновлено 29.11.2022 в 12:11
Поделиться
Поделиться

Қазақстаннан кейін Қырғызстан ресейлік БАҚ пен биліктің назарында. Ресей депутаттарына қырғыз парламентінің спикері Нұрланбек Шәкиевтің атаулары басқа тілдерден алынған Бішкек елді мекендерінің атауын өзгерту керек деген мәлімдемесі ұнамай қалған.

Нұрланбек Шәкиев 25 қарашада Бішкекте өткен Халық құрылтайында сөйлеп тұрып: «Өкінішке қарай, көптеген жер-су атаулары өзге тілде аталған. Оны өзгертіп, қырғыз тілінде атауымыз керек. Оның ішінде Бішкектің төрт ауданы да бар» деген еді.

Артынша Ресей мемлекеттік думасының депутаты, халықаралық істер жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Светлана Журова мәлімдеме жасаған. Ол «Говорит Москва» радиостанциясына берген сұхбатында «мұндай мәлімдеме Қырғызстанда тұратын орыс тілінде сөйлейтін адамдардың құқығына нұқсан келтіреді» деген.

«Бұл жайдан жай айтылып жатқан жоқ. Бұл орыс тілін ығыстырып шығарудың алғашқы кішкентай қадамдары. Бұған бір секунд та күмәнданбаймын»,

дейді Журова.

Мемлекеттік дума депутатының сөзінше, Грузия мен Украинадағы оқиғаның бәрі «орыс тілін шектеуден басталған, сондықтан бұл мәселеге Ресей президенті араласуы керек». Мемлекетік думаның тағы бір депутаты Александр Ющенко Қырғызстан басшылығы «советтік кезеңге түкіріп отыр» деп мәлімдеген. Бұл жөнінде Ресейдің Газета.ру сайты жазды.

Мемлекеттік думадағы халықаралық істер жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Дмитрий Новиков те «Қырғызстанда антисоветизм байқалатынын» атап өткен.

Бішкек қаласы Первомайск, Свердлов, Октябрь және Ленин аудандарына бөлінеді. Кейінгі жылдары бұл атауларды өзгерту жөнінде бірнеше рет бастама көтеріліп, аяқсыз қалған.

Ресейлік саяси аренаның кейбір өкілдері өз сөздерінде Қазақстанды атап өтуді де ұмытқан жоқ.

Ресей мемлекеттік думасы депутаттарының реакциясы Қырғызстан қоғамында қызу талқыланды. Қырғыздың кей депутаттары Ресейдегі әріптестерінің мәлімдемесін «Қырғызстанның ішкі ісіне араласу» деп бағалады. Бұл жөнінде Азаттықтық Қырғыз қызметі жазды.

«Ресей мемлекеттік думасының депутаты Светлана Журованың халықаралық ережеге сай келмейтін, мемлекетаралық қатынасқа көлеңке түсіретін, серіктес елдің ішкі ісіне араласқанды білдіретін мәлімдемесі негізсіз. Өйткені Қырғызстанда орыс тілі ерекше орын алып отыр, заңдарымыздан бастап, көшедегі көрнекіліктерге дейін мемлекеттік тілмен қатар қолданылып келеді»,

деген парламент депутаты Кәмила Талиеваның мәлімдемесін парламент баспасөз қызметі таратқан.

Депутат «әкімшілік-аумақтық атауларды өзгерту егеменді мемлекеттің ішкі ісі» деп атап өткен.

ТЕГи: Геосаясат, Главное
Анара Бауыржанқызы 29.11.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?