Қырғызстан президенті Садыр Жапаров еліне ағылған Ресей азаматтары туралы алғаш рет айтты. Ол The New York Times газетіне пікір білдірді. Бұл туралы Kaktus.media жазды.
Мақалада қырғызстандықтарға ондаған жыл бойы кедей туысындай қараған соң көптеген қырғызстандық, соның ішінде Садыр Жапаров та позицияның осылай өзгергеніне қуанатыны айтылды.
Бұл — біз үшін тіпті жаңа құбылыс,
деді Садыр Жапаров.
Ресейде миллионнан аса Қырғызстан азаматы жұмыс істейтінін, сондықтан Ресей азаматтары Қырғызстанға барып, емін-еркін жұмыс істеуіне болатыны және экстрадациядан қорықпау керек екенін айтады.
Президент еліне мобилизациядан қашып қанша Ресей азаматы келгенін білмейтін болып шықты. Дегенмен мұндай ағынның оның еліне көмектесетінін айтты. Тіпті жалдау ақысы көтеріліп, кейбір пәтер мен үй иесі екі-үш есе артық төлеуге келісетін ресейліктерге орын беру үшін жергілікті тұрғындарды қуып шығып жатқанына қарамастан, бұл ағынның жақсы екені айтылды.
Біз қандай да бір зиян көріп тұрғанымыз жоқ, керісінше көп пайданы байқап тұрмыз,
деді Қырғызстан президенті.
2015 жылғы Еуропаға барған ішінде сириялықтар, ауғандар және басқалар да бар мигранттар дағдарысынан айырмашылық сол, Қырғызстанды паналап барған ресейліктердің көпшілігінің білімі жоғары және өз елінде жақсы жұмыс істеген, көбінесе технология немесе мәдениет саласында қызмет еткен.