Биыл шілде айында Қырғызстанның Конституциялық соты кәмелетке толған азаматтарға әкесінің тегін анасының тегіне өзгертуге мүмкіндік беретін шешім қабылдаған болатын. Қырғызстан парламенті бірінші оқылымда президент Садыр Жапаров ұсынған заң жобасымен келісті. Бұл заң жобасы Конституциялық сотқа өз шешімдерінің күшін жоюға мүмкіндік береді, деп хабарлайды 24.kg.
Алдын ала мәліметтер бойынша, «Конституциялық Сот туралы» заңға енгізілген өзгерістер әкесінің тегін анасының тегіне ауыстыру мәселесіне байланысты шешімдердің күшін жоюға бағытталған.
Бір қызығы, осы Заң жобасы қабылданғаннан кейін президент Конституциялық Соттың кез келген шешімін қайта қарау құқығына ие болады, әсіресе егер мұндай шешім Қырғызстан азаматтарының моральдық-этикалық нормалары мен қоғамдық сенімдеріне қайшы деп саналса.
Жогорку Кенеш депутаты («Жоғарғы Кеңес», Қырғызстанның бір палаталы парламенті) Дастан Бекешев өз алаңдаушылығын білдірді. Оның пікірінше, бұл заң жобасы Конституциялық Соттың беделіне нұқсан келтіруі мүмкін, сондықтан ол елдегі демократия туралы әңгімені тоқтатуды ұсынды.
Бір-бірімізді алдамай-ақ қояйық. Бұл туралы халықаралық институттарға айтарсыздар, бірақ қоғам ненің не екенін біледі,
деді Дастан Бекешев.
Депутат Сеидбек Атамбаев та қатысып отырған депутаттарға адам құқықтары жөніндегі жұмыс тобы заң жобасын Конституция нормаларына сәйкес келмейтіндігіне сілтеме жасай отырып, оны кері қайтарып алуды ұсынғанын еске салды.
Нәтижесінде заң жобасын 66 депутат қолдады, төртеуі қарсы дауыс берді.
Естеріңізге сала кетейік, шілде айында Конституциялық сот кәмелетке толған қырғызстандықтарға әкесінің тегін анасының тегіне ауыстыруға рұқсат берді. Содан кейін Қырғызстан ҰҚК басшысы Қамшыбек Тәшиев заң жобасына қарсы шығып, оны елде қалай қабылдаса, солай тез арада жою керек деп мәлімдеді.
Айта кетейік, анасының тегін алу мәселесі Қазақстанда да бірнеше рет көтерілген болатын. Бірақ мамандар заңнамаға сүйене отырып, бұл мүмкіндіктің жоғын айтып келеді. Оның орнына қазақстандықтарға балаларға қос есім беру ұсынылады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…