Денсаулық

Қырғызстанда энергетиктерге тыйым салынды

Жогорку Кенеш депутаттары энергетикалық сусындарға тыйым салатын заң жобасының тұжырымдамасын мақұлдады. 

Әлеуметтік саясат комитетінің отырысында «Қырғызстанның аумағына энергетикалық сусындарды әкелуге, өндіруге, өткізуге және сатуға тыйым салу туралы» заң жобасы қаралды.

Бұл заңды ұсынғандардың бірі – жоғарғы кеңес депутаты Ұлан Бақасов. Ол заң жобасы азаматтардың денсаулығын сақтауға және энергетикалық сусындарды тұтынудан болатын зардаптарды азайтуға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, энергетикалық сусынның құрамында үш кесе кофе мен 14 ас қасық қант бар.

Әлеуметтік саясат комитетінің төрайымы Винера Раимбачаева өзінің дәрігерлік тәжірибесінде энергетикалық сусындарды ішкеннен кейін жүрек ауруына шалдығу жағдайлары көптеп кездесетінін айтты. Ол қазір қант диабетімен ауыратын балалар көп екенін атап өтті.

Денсаулық сақтау вице-министрі Бубужан Арықбаева энергетикалық сусындардың зияны туралы да айтты. Оның айтуынша, сусынның құрамында адам денсаулығына үлкен қауіп төндіретін кофеин бар.

Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

5 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

22 часа ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

1 день ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

1 день ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

1 день ago