Қырғызстанда никаб пен паранджаға заң жүзінде тыйым салу ұсынылды, деп хабарлайды 24.kg басылымы.
Қырғызстанда қоғамдық орындарда бетін толық жауып тұратын баскиім киюге тыйым салу ұсынылып отыр. Мұндай ұсынысты депутат Шарапатқан Мәжитова жасады. Ол Өзбекстанда қоғамдық орындарда бетін тұмшалайтын немесе адамды тануда қиындық тудыратын киім киюге тыйым салатын заң қабылданғанын айтты.
Бұл заң бізге де керек. Көбі паранджа кие бастады. Олар орамал тақсын, бірақ бетті жабудың қажеті жоқ. Бұл өте қауіпті,
деді ол.
Айта кетейік, Өзбекстанда заң шығару палатасының депутаттары көп әйел алу мен бетті жабатын діни киім киюді шектейтін және ер мен әйелдің теңқұқылығына байланысты кодекстерге түзетулер қабылдады. Соған сәйкес, екі немесе одан да көп әйелмен бірге тұруды насихаттау, сондай-ақ әйелдер мен ерлердің тең құқықтарын ашық түрде жоққа шығарғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ қоғамдық орындарда азаматтардың жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін киім кигені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.