Қырғыстандық «Апенди бизнесмен» телеграм арнасы ақша аударымдары жүйесі арқылы транзакциялар бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің статистикасын зерделеу кезінде қызықты фактілер анықтаған. Олар 2021 және 2022 жылғы қаңтардан қазанға дейінгі деректерді салыстырған.

Өткен жылы (қаңтар-қазан айларында) әдетте айына +-3 млрд теңге жөнелтіліп отырған. Осы жылдың басында аударымдар көлемі тіпті төмендеген, бірақ сәуір айынан бастап күрт өскен, ал тамыз айында Қырғызстаннан Қазақстанға аударым 17,7 млрд теңгеден асқан.
Содан кейін төмендей бастағанымен, бұл өте көп, мысалы, қазанда 10 миллиардтан астам аударылды,
деп жазады автор.
Түсінікті болу үшін арна аударымдар туралы жалпы статистиканы келтірген:
- 2021 жылғы қаңтар-қазан — 27,6 млрд;
- 2022 жылғы қаңтар-қазан — 82,7 млрд.
Яғни, аударымдар 3 есе өскен,
деп қорытындылады телеграм арна.