Categories: Саясат

Қытай билігі көшеге танкаларды шығарды

Қытайдың Хэнань және Аньхой провинцияларында банк саласындағы жағдайға қатысты жаппай наразылық болып жатыр.

Жергілікті тұрғындар ақшасын қаржы ұйымдарына сеніп тапсырған, енді қаржысын қайтарып ала алмай жатыр. Халық осы жағдайға наразы. Ал банктер бәріне «жүйенің жаңарғаны» кінәлі деп мәлімдейді.

18 шілдеде осы өңірлерде жұмыс істейтін бес бірдей ауыл шаруашылығы банкі жеке тұлғалардың депозитіндегі қаражатты бұғаттады. Құзырлы органдар мен ұйымдар басшылығы халықтың күте тұруын сұраған. Алайда бұл өтініш клиенттерге ұнамай, олар наразылық білдіруге шықты.

Атап айтқанда, Хэнаньның бас қаласы Чжэнчжоуда белсенділер жергілікті Орталық банк бөлімшесін қоршауға алды. Билік қатаң әрекет етуге мәжбүр болды. Олар наразылық білдіргендерге қарсы әскерилерді, оның ішінде танктерді де қойды. Интернетте Қытай көшесімен келе жатқан танк колоннасы мен оның жанында тұрға бір топ адамдары бар видео тарап жатыр.

Бұл ретте Қытайдың әлеуметтік желілерінде наразылыққа шыққандарға қарсы әскери көліктер қолданылмағаны айтылады. Бұл кездейсоқ болған жағдай деді. Акциядан кейін танктер әскери жаттығулар кезінде орын ауыстыруға байланысты наразылық боп жатқан жердің жанынан өтіп бара жатқан.

Оған қоса, наразылық білдірушілердің бір бөлігі үлескерлер деген дерек бар. Олар құрылыс салушыларды пәтер бітіруді айтарлықтай кешіктірді деп айыптап, тоқтап тұрған құрылыс үшін ипотека төлеуден бас тартып жатыр.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago