Қытай шетелдіктер үшін шекарасын ашты

2020 жылдың наурызында елге кіруге шектеу қойған Қытай шетелдік туристер үшін шекарасын ашты. Бұл туралы әлемдік БАҚ жазып жатыр.

Енді Қытайға келген туристер карантинге түспейді, бірақ әлі де коронавирустан ПТР-тест тапсырады. Оның уақыты сапарға шыққанға дейін 48 сағаттан аспауы керек.

Жексенбі, яғни 8 қаңтарда Қытай билігі шетелдіктер үшін уақытша тұруға жарамды виза бере бастады,

деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Сондай-ақ жексенбіден бастап Қытай Халық Республикасының материктегі бөлігі мен Гонконг арасындағы теңіз және жаяу жолаушылар тасымалы қалпына келді. Мұндай сапарға шығу үшін де турист уақыты екі күннен аспаған ПТР-тест нәтижесін көрсетуі керек.

Айта кетерлігі, билік әзірге Қытай мен Гонконг арасында күн сайын қатынайтын адамдардың санына шектеу қойып отыр. Өйткені, 22 қаңтарда Қытайда Жаңа жыл тойланады. Мерекені қазірден бастап тойлап кеткен Қытайдан Гонконгтағы жақындарын құттықтау үшін 400 мыңнан астам адам барады деген болжам бар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago