Әлемдік БАҚ не деп жазды.
Соғыстың исі шықты
The Wall Street Journal әскери сарапшыларға Қытайдың Тайваньға басып кіру үшін қолданатын әдістерін бағалауды ұсынды.
Алайда сарапшылардың ойынша олар күшпен алмайды. Олар үшін Қытайдың осы аптадағы әскери жаттығулары аралды толық басу операциясының тек тексеріс түрі іспеттес. Әскери кемелер алты аймақты жауып тастады. Олардың кейбірі аралдың ең ірі сауда порттарына апаратын жол.
Сонымен қатар, Қытай армиясының зымыран атуы әуе кеңістігі де толық бақылауда екенін көрсетті. Яғни, ҚХР армиясы Тайваньды мәңгілікке басып алуға қабілетті.
Сарапшылар егер АҚШ Пелосидің уәдесін орындауға және Тайвань демократиясына қолдау көрсетуге ниет білдірсе, олар Қытаймен ашық әскери қақтығысқа түсуге мәжбүр болады.
Сауд Арабиясы Азия үшін бағаны көтеріп жатыр
Bloomberg мәліметінше экономиканың төмендеуі мұнайдың әлемдік сұранысын азайтты. Дегенмен Saudi Aramco мемлекеттік компаниясы азияның қайта өңдеу зауыттары үшін мұнай бағасын көтеріп жіберді.
Қыркүйек айында Азияға жеткізілетін Араб мұнайының баррелі 9,80 долларды құрады. Бұл тамыз айымен салыстырғанда 50 центке артқан. Алайда, шілде айының соңында Bloomberg жүргізген сауалнама нәтижелеріне сәйкес трейдерлер мен мұнай өңдеушілер баға $1,50 — ға өседі деп үміттенген.
Сауд Арабиясы бұл туралы ОПЕК+ АҚШ-тың мұнай өндірісінің ақырындап өсуіне арнаған бірнеше айлық дипломатиялық күш-жігеріне жауап бергенен кейін мәлімдеді.
Осы аптада мұнай айтарлықтай арзандады. Ол АҚШ-та жанармайды аз тұтыну мен Ливиядағы өндірісті қалпына келтіруге байналысты.
Ұлыбританиядағы ереуіл қарқын алып барады
The Guardian Ұлыбританиядағы теміржол қызметкерлерінің ереуілі өршіп барады деп хабарлайды. Шілде айының соңында Лондон метросының қызметкерлері 2022 жылдың бесінші шеруін өткізді. Ол 24 сағатқа созылған. Ереуілшілер жұмыс орнының жетіспеуіне, жалақы мен зейнетақының төмен екендігіне наразылық білдірді.
Үкіметпен келіссөздер ешқандай нәтиже бермеді. Ал метро қызметкерлерінің талаптары орындалмаса, олар 19 тамызда жаппай жұмыстан шығамыз деп қорқытты.
Оларға тағы екі кәсіподақ қосылды. Олардың мүшелері елдің теміржол желілерінің көп бөлігін басқаратын Network Rail мемлекеттік компаниясында жұмыс істейді. Егер кәсіподақтардың жалақыны көтеру және жұмыс орындарын сақтап қалу талаптары орындалмаса, 18-20 тамызда 3000-жуық адам жұмыстан кетпек. Бұл Лондон метрополитені мен Ұлыбританияның теміржол қатынасын толығымен шектетеді.
Американдықтар жанармайға мұқтаж емес
Әлемдік нарықтағы мұнайдың төмендеуі АҚШ-та жанармай бағасының арзандауына әкелді. Дегенмен бұндай өзгерістер аталмыш салаға кесірін тигізбесе, көмектеспейді, деп жазады Fox news.
AAA аналитикалық компаниясының мәліметтері бойынша, 2022 жылдың мамырынан маусымына дейін жанармай бағасының өсуі оған деген сұранысты төмендетті. Ал тамыз айында мүлдем сұраныс болмады. Бұл пандемия кезіндегі көрсеткіштен де жоғары.
Компанияның мәліметінше, жүргізушілердің 70% — дан астамы көлікті пайдалану әдетін өзгертті немесе үнемдеу мақсатында мүлдем бас тартқан. Сонымен бірге, американдықтардың 64% — ы бензин бағасы 2018-2019 жылғы деңгейіне оралмағанша рульге қайта отырмайтындарын айтты.
АҚШ-тағы төтенше жағдай
New York Times хабарлауынша, бұл 2001 жылдан бері денсаулық сақтау саласындағы бесінші төтенше жағдай. Мұның себебі — маймыл шешегінің өршуі.
Денсаулық сақтау министрі Ксавье Бесерраның мәлімдемесі жағдайды ертерек қолға алуды білдіреді. Енді федералды агенттік вакцина мен дәрі-дәрмекті әзірлеуге қаражат бөліп, мамыр айында басталған індетті жеңуге қосымша жұмыс қолын тартуға кіріседі.
Jynneos деп аталатын маймылға қарсы вакцинаны жеткізу өте шектеулі болды. Шараларды баяу қабылдаған әкімшілікке сөгіс жарияланды. Осыдан он жыл бұрын АҚШ Jynneos-тың 20 миллион дозасын алған, бірақ қазір қоймалардағы дәрілер жарамсыз болып қалғаны белгілі болды.
Президент әкімшілігіне де наразылық білдіріп отыр. Маусым айында өткен гей-парадқа қатысқан ЛГБТ қауымдастығына кіретін жоғарғы жұқтыру қаупі бар азаматтарға түсіндіру жұмыстары толық жүргізілмеген.
Әлем халқының 5 пайызы ғана бізде, ал жұқтыру жағдайы 25 пайыз. Бұл үлкен жеңіліс
деді Атлантадағы Эмори университетінің жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігері Карлос дель Рио.