Қытай Тайваньнан ешнәрсе ұтпайды: АҚШ–тың дәлелі. 10 тамыз

Әлемдік БАҚ не деп жазады.

Тайваньмен соғыс қымбатқа түседі

The Wall Street Journal Қытайдың Тайваньға шабуыл жасау әрекетінің салдары туралы сарапшылардың ойларын жазды. Қытайдың Тайваньға Үнді-Тынық мұхиты арқылы басып кіру әрекетінің қаншалықты жойқын болатынын көрсететін бір күндік ойын ұйымдастырылды.

Басқыншылықтан кейінгі алғашқы үш аптаның ішінде Қытай АҚШ-тың екі ұшақ тасығышын суға батырды. Жапония мен Гуамдағы АҚШ базаларына шабуыл жасап, АҚШ-тың жүздеген жетілдірілген реактивті жойғыштарының көзін құртты.

Дегенмен, Қытайдың жағдайы әлдеқайда нашар. Тайваньға әскерлерін жіберіп, аралдың оңтүстігінің үштен бір бөлігін басып алды. Алайда американдық және жапондық зымыран мен сүңгуір қайықтар Қытайдың десанттық флотын жойып, одақтастардың біріккен күштері жауға жақындауға жол бермеді. Ел астанасы Тайбэй Тайваньдықтардың қолында өзін қауіпсіз сезінді. Ал Бейжін ұзақ қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандарсыз  Американың  әуе және теңіз күшіне қарсы тұра алмады.

Егер арал төңірегінде бір кездері әскери қақтығыс болса, салдары өте ауыр болады деп түйіндеді сарапшылар.

Қазақстан Еуразиялық даму банкінің (ЕДБ) ірі акционеріне айналады

Bloomberg өзінің ақпарат көзіне сілтеме жасап, Ресей Еуразиялық даму банкін санкциялық шектеулерден шығармақшы деп хабарлайды. Қаржы институтын бұрын Кеңес Одағының құрамында болған алты мемлекет экономикалық интеграцияны дамыту үшін құрған.

Ресейдің үлесіне ЕДБ-тің 65,97%  тиесілі. Ол Беларусь мемлекетімен біріккен үлесінің басым бөлігін қысқартуды жоспарлап отыр. Алайда бұл жария етілмеді. Осылайша, Қазақстан банктің ең ірі акционеріне айналуы мүмкін.

Ресей мен Беларусьтегі көптеген мемлекет қолдау көрсететін ұйымдар АҚШ пен Еуроодақтың санкцияларынан зардап шекті. Шектеулердің бүгінгі күнге дейін Еуразиялық даму банкіне еш қатысы жоқ еді.

Польша ЕО-ны жоюға ниетті

The Guardian газеті Еуропалық одақта белең алып бара жатқан жанжалды талдайды. Оның қысқаша мазмұны: пандемиядан кейінгі экономиканы қалпына келтіру үшін блоктың атқарушы билігі Польшаға 35 миллиард еуро бөлуге дайын, бірақ заң үстемдігі тұрғысынан сот реформасын талап етті.

Көптеген даулардан кейін Варшава реформаны бәрібір аяқтады. Алайда, көптеген сарапшылардың пікірінше, бұрын жұмыс істеп тұрған судьяларды бақылайтын мемлекеттік органдар жай ғана басқалармен ауыстырылған. Яғни, сот жүйесі тәуелді болып, ЕО стандарттарын бұзды. Бұл туралы Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеген жоқ.

Польша қаражаттың бірінші траншын ақтай алатын дәрежеге қол жеткізбеді,

деді ол.

Польшаның билеуші ​​партиясы Брюссельді «Польшадағы заң үстемдігін жойғысы келеді» және оны «Германияға толықтай бағынуға мәжбүрлейді» деп айыптап, үкімет уәде етілген миллиардтарды алмайынша әрі қарай қадамдар жасамайтынын айтты.

Поляк радиосы арқылы сөйлеген билеуші ​​партияның бас хатшысы Кшиштоф Соболевский:

Егер комиссия 35 миллиард еуро бөлмесе, Брюссельді сотқа береміз. Варшава ЕО-ның барлық бастамаларына тыйым салып, Урсула фон дер Ляйен мен оның комиссарлар алқасын жұмыстан босату үшін одақ құрады

Көгілдір отын барлығына жетпейді

Fox news агенттігі сұйытылған табиғи газдың (СТГ) тапшылығы бүкіл әлемде сезіліп жатқанын хабарлайды.

BP, Shell және TotalEnergies сияқты ірі энергетикалық трейдерлер жеткізу келісім-шарттарын орындауға тырысып, жүздеген миллион доллар жоғалтуда.

Өнеркәсіп көздері Reuters агенттігіне маусым айында Техастағы Фрипорт зауытының кенеттен жабылуынан кейін жоғалған СТГ көлемінің орнын толтыру үшін BP 500 миллион доллардан астам шығынға ұшырағанын айтты.

Сондай-ақ Францияның TotalEnergies компаниясы Freeport-тен алуы тиіс СТГ-ның сегіз жөнелтілімін үшінші тоқсанда спот-нарықта сатып алу арқылы ауыстыратынын айтты. Үлкен көлемді ауыстыру рейдер үшін қаншаға келіп тірелетіні әлі белгісіз.

Нарықтағы үлесі 20% болатын әлемдегі ең ірі СТГ трейдері Shell екінші тоқсанда СТГ өндірісін 4%-ға қысқартты, бұл негізінен Мәскеудің Украинаға басып кіруінің салдарынан Ресейдегі Сахалин-2 зауытынан жеткізілімдердің тоқтауына байланысты.

Әзірге компания Сахалин 2-мен бұрын жасасқан ұзақ мерзімді келісімдер аясында ресейлік газды қабылдауды жалғастыруда, деді Shell өкілі. Бірақ ертең не болатыны белгісіз. Өйткені Ресей жобадағы шетелдік инвесторларға жаңа кәсіпорындағы үлестерін талап етуге бір ай уақыт берді. Компанияның бас директоры Бен ван Берден Shell-тің жаңа кәсіпорынға қосылуы екіталай екенін айтты.

СТГ тапшылығынан жыл сайын қыста толтырылатын еуропалық қоймалар жартылай бос қалып отыр.

Қанатын кеңге жайған орыстың үгіт-насихаты

Ресейдің үгіт-насихатын ең ірі әлеуметтік желілер тоқтатуға дәрменсіз деп жазады The New York Times. Бұған дейін әлеуметтік желілер орыстың БАҚ көздерін шектеу шараларын қабылдаған, алайда аталмыш парақшалардағы жазбалар әлі де испан, араб және басқа тілдерде Батыстан тыс кеңістікте таралып жатыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago