Қытайдағы этникалық қазақтан танымал актер Джеки Чанға шапан жауып, ат мінгізді.
Ән айтып тұрған актердің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан оның «Ақ шашу» әнін қосылып айтып тұрғанын байқауға болады.
Белгілі болғандай Джеки Чан Іле-Қазақ автономды округіне фильм түсіру үшін келген. Видео авторының сөзінше, қазақтар актерге шапан жауып, ат мінгізген.