Қытайда әйелдер қарапайым ер азаматтарды бейнеойын кейіпкерлерімен алмастырып, романтикалық кештерге баруды әдетке айналдырған.
Тіпті бұл үшін арнайы тәжірибелі косплейерлерді жалдап жүр. Осылайша шынайы өмірдегі қарым-қатынас, жақындық пен махаббат ұмытылып барады.
Қыз-келіншектер өздеріне ұнайтын ойын кейіпкері сияқты киінген жігітті жалдап, мейрамханаға, дүкенге немесе саябаққа қыдыруды елдегі жаппай карантин кезінде бастаған. Кейін бұл үрдіс кеңінен таралып кетті. Ойын кейіпкерлерімен кездесуді құптайтын аруларды елде – қиял қыздар деп атайды екен.
Жалпы Қытайда мұндай қызмет көрсететін жігіттердің қызмет құны: 1 сағат – 100-200 юань ( шамамен 6000-13 000 теңге).
Қыздар алдымен сайт арқылы өздеріне ұнаған кейіпкерге тапсырыс береді. Сол жерде нақты талаптарын ашып жазады. Яғни, тек қана қыдыру, немесе махаббат ойынын ойнау сияқты.
Ал әйелдер жігіттерге тек қызметі үшан ғана ақша төлемейді. Тамақтануға барып жатса, оның жеген асын да төлейді екен.

Бүгінгі күні Қытайда аталмыш үрдіс белең алып барады. Жастардың шынайы өмірден алшақтап, жасанды махаббатқа еттері үйренуде… Қияли қыздардың арманын орындау үшін, кейде жігіттер тіпті тегін қызмет көрсетуге дайын екен.
Ал енді Қазақстанға бұл «мода» әп-сәтте келіп қалуы да ғажап емес. Сіз не ойлайсыз?