Екеуі жараланып, тағы соншасы із-түзсіз жоғалған.
Қытайдың Хэнань провинциясындағы зауытта шыққан өрттен кем дегенде 36 адам қаза тапты. China Media Group хабарлауынша, дүйсенбі күні түстен кейін Аньян қаласында зауыт өртенген. Өрт 16:22-де басталып, 20:00-де оқшауланғаны атап өтілді. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарына 240 адам қатысты, сонымен қатар 63 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта із-түзсіз жоғалғандарды іздеу ұйымдастырылып жатыр.
Хэнань провинциясы Қытайдың шығысында, провинцияның әкімшілік орталығы Чжэнчжоу қаласында орналасқан. Бұл қалада әлемдегі ең ірі Foxconn iPhone шығаратын зауыты жұмыс істейді.